Бұқар жырау ауданында облыстық ауыл спортшыларының спартакиадасы басталды

Биылғы спартакиада Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың 350 жылдығына арналды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатын біздің де түсіру тобымыз тамашалап қайтқан болатын

15:35, 4 тамыз 2017   186

Осылайша сап түзеп ортаға беттеген әр команданың жеткен жетістіктері айтылып таныстырылды. Спартакиаданың жалауын көтеріп, алауын белгілі спортшы Бұқар жыраулық Ажар Салықова тұтатты. Ауыл спортына демеу болған дәстүрлі жарыс биыл осымен 31-ші рет ұйымдастырылып отыр. Спорттың 18 түрі бойынша тоғыз ауданнан келген 1000-ға тарта спортшылар үш күн бойына өзара кіл мықтыны анықтайтын болады. Сайыс болған соң әркімнің жеңістен дәмелі. Фавориттер қатарында жалпы командалық есепте үздік шығып жүрген Абай, Жаңаарқа және Шет ауданының спортшылары бар. Ал, Бұқар жыраулық спортшылар болса айтулы бәсеке өз жерлерінде өтіп жатқан соң намысты қолдан бермейміз деседі. Қазыбек Қабдығаниев қазақ күресінен спорт шебері. Жазғы спартакиадаға биыл осымен үшінші рет қатысуда.Жүзден жүйрік шыққандардан облыс құрамасы жасақталып республикаға жолдама беріледі. Яғни, төрт жылда бір рет өтетін «Ақбидай» ауыл жастарының спартакиадасында бақтарын сынамақ. Байрақты бәсеке биыл қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарланған.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25