Биыл, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына – 29жыл

15:55, 13 ақпан 2018

Осынау айтулы мерзімге орай, шаңғы тебуден жарыс өтті

Оған   Қарағанды ​​гарнизонының әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері  түгелдей қатысты.   Спорттық жарыстар бірнеше кезеңде өтті. Шаңғы жарысы, биатлон және отбасылық эстафета тіпті ат пен серуендеуде сонымен қатар, қар мобильді техникасын жүргізу, ең жас қатысушыларды қатты қызықтырды. Бұл спорттық жарыстарда ең жылдам қимыл  және ептілік қажет. Жаппай шаңғы додасының ортасынан  Қарағанды ​​гарнизонының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері табылды.  Бәсекеде,  500-ге жуық адам бақ сынады. Олардың арасында- салауатты өмір салтын  сақтайтындар мен қатар спортпен енді шұғылдана бастағандар да бар. 

Юрий АСҚАРОВ  «Астана» өңірлік қолбасшылығы командирінің орынбасары

Халық риза.Барлығына жарыс ұнады.Балалары мен бірге келіпті. Мұндай спорттық жарыстар қажет, көптеген адамдар жиналды, біз болашақта да осындай шаңғы жарысын өткіземіз деп ойлаймын.

Спорт жарысы бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, шаңғы жарысы, атпен серуендеу,биатлон және отбасылық эстафета. Ең жас қатысушылар үшін атпен серуендеу, қар мобильді техникасын жүргізу және шаңғы тебу ұйымдастырылды. Бұл шара  кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына арналды.

Манзура АХАНОВА  облыстық Қорғаныс істері департаментінің әскери қызметшісі

Шаңғы жарысының бірінші кезеңін өтіп, бір километрге жүгірдім, бұл өте қиын болды,Аспанға оқ аттық.Жарыс маған ұнады.Келесі жылы да қатысамын.

Николай ПОСТРЕБО шараға  қатысушы

Мен мұнда әкем және ағам мен бірге келдім, біз пони аттарына міндік. Қар мобильді техникасын жүргіздік. Маған бәрі ұнады.  

Байқау  қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға қол жеткізді және арнайы  кубоктарды иеленді. Сондай-ақ, «Астана» өңірлік қолбасшылығы командирінің арнайы дипломымен марапатталды. Қарағанды ​​гарнизонының әскери қызметшілеріне арналған шаңғы жарысы келешекте де, дәстүрлі түрде өткізіледі деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар