ЗИРАТТЫ ҚИРАТУШЫ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

16:41, 16 қыркүйек 2020

Пришахтинскідегі қазақ бейітін қиратқандарға қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары зиянкестерді іздестіруде.

Моланың сиқы осы. Қирандыларға қарап зиратты ауыр жүк көлігі басқанға ұқсайды -дейді тәртіп сақшылары. Жүргізуші ешетеңені елемеген секілді. Ол шамамен Пришахтинскі жақтан келуі ықтимал. Бірден 10 бейітті жаншып өткен. Тіпті құлаған зираттың салдарынан оның көлігі тұрып қалған да екен. Бірақ, жүргізуші молалар арасындағы сорақылық сапарын одан әрі жалғастырған. Көк тасы үгітілген марқұмның туыстары бұл жағдай жайында әлеуметтік желіден естіп, білген. Айтқали Мұқатаев тергеудің аяқталғанын күтпей мазарларды қайта тұрғызды. Ол бұл жерде екі ағайынын жерлепті.

 Айтқали МҰҚАТАЕВ, тұрғын:

Бұндай келеңсіз жағдай қалай болды?. Марқұмдардың туыстары зират неге қоршаумен қоршалмағанына таң. Олар өз күштерімен қираған зираттарды қалпына келтіріп жатыр.

Имам - жақындарының көк тасы қираған адамдарды сабырға шақырды. Бұндай қиын сәтте бір-біріне көмектесуге кеңес берді.

Қоныскерей КҰМАРҰЛЫ,  имам:

Облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба жариялапты. Ол- онда аталған іс өзінің жеке бақылауында екенін жазды. Тәртіп сақшылары зираттарды қиратқан адамды жақын арада табатынына сенімді.  

Болат САҒЫНАЕВ, Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары:  
- На месте находятся родственники, я сам с ними разговаривал. Они будут писать заявления и мы их приобщим к уголовному делу. Кладбище находится в районе Пришахтинска. Там нет камер видеонаблюдения.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аталған зиратта бұдан былай қайтыс болғандарды жерлеуге рұқсат жоқ. Сол себепті де жер мемлекетке қайтарылды. Әкімдік тек аймақтың тазалығына ғана жауапты екен. Оны күндіз-түні күзететін күзетшіні де қоя алмайды. Келтірілген шығынды сотта кінәліден өндіре алады. Қолға түссе әрине!

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар