ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

17:52, 16 мамыр 2018

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қарағандыда биыл алты мың шақырымға жуық жылу жүйелері қайта қалпына келтіріледі

Басқа да коммуналдық қызмет өкілдері ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп сендіріп отыр. Осы және өзге де мәселелер Қарағанды қалалық мәслихатының 25 сессиясында талқыланды.

Облыс орталығында жылу маусымы бірқалыпты өтті. Дайындық жұмыстарының сапалы жүргізілгендігінің арқасында жылу электр стансалары мен инженерлік жүйелерде ірі апат орын жоқ. «Теплотранзит Қарағанды» компаниясы Құрылысшылар даңғылы бойынша жылу магистральды жүйелерді қалпына келтірді. Осы арқылы 165 көпқабатты тұрғын үйлер мен 17 әлеуметтік нысандар сапалы жылумен қамтылды. Басқа да коммуналды қызмет мекемелері  қысқа тыңғылықты қамданған.

Сәбит ОСПАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары  

2017-18 жылдардағы жылу маусымы бойынша «Қарағанды су» ЖШС суқұбырлары мен кәріз жүйелері тұрақты режимде жұмыс істейді. «Қарағанды су» ЖШС-де апаттық жағдайлар орын алған жоқ. 2017 жылы су құбырларында жоспарлы жұмыстарды өткізу барысында 1509 апат жойылды. 2016 жылмен салыстырсақ бұл көрсеткіш  5% кеміген.

Қарағанды қалалық мәслихатының  кезекті 25 сессиясында халық қалаулылары қысқа қамданыс мәселесін де ортаға салды. Мәселен, «Энергоцентр» кәсіпорны жөндеу жұмыстарына 4 миллиардтан астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаражат үш турбина мен бес қазандықтың жөнделуіне және басқа да жұмыстарға  көзделген. Ал, «Теплотранзит» 26 мыңнан астам шақырым магистральды және ішкі орамдағы құбырларды жөндемек. «Қарағанды су» 23 шақырым су құбырлары мен кәріз жүйелерін ауыстырады.

Қадырбек ӘБДІРОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының сессия төрағасы

Былтырғы жылмен салыстырғанда жылу жүйелері биыл өте жақсы жұмыс істеді. Қиын жағдайлар белгілі болған жоқ.

ТКШ жаңғырту мәселесі көтерілді. Биылғы жылы «Аймақтарды дамыту бағдарламасы» аясында қайта қайтарым есебінен 8 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 

Райхан САЙРАНБЕК 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар