ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚАУ

15:45, 13 наурыз 2018

Оңтүстік-Шығыс ықшамауданына қарасты Приканальная көшесіндегі құдықтан жылу құбырының ыстық буы толассыз тарап жатқанын бір ай бұрын көрсеткен болатынбыз

Алайда, «Теплотранзит» ЖШС  ақпан айының ортасында жағдайды бір күнде реттейміз деп сендірген. Алайда баяғы жартас сол жартас. «Жаңа мешіт» аялдамасы орналасқан Приканальная көшесінің бойындағы құдық ұңғымасынан ыстық су буы әлі күнге атқылауда. Қыс басталғалы жылу күші ауаға тарап, елді әбігерге салуда. Монополистердің уәдесі бір айға созылғанмен, жылудың ауаға тарау көлемін есептеп жатқан ешкім жоқ. Олқылықты қалыпқа келтіруді қолға аламыз дегенмен, ұңғымадан шыққан ыстық су буы әлі күнге тиылмай отыр.

Александр АКИШИН «Теплотранзит» ЖШС техникалық директоры

Біз жылумен жабдықтаудағы бұл жағдайды реттеуге жылы ауа райын күттік. Ауа-райы жағдайына байланысты  ертеңгі күнді жоспарлаудамыз.  Егер, құбырды тоқтасақ, Орбита ықшамауданы  Волочаев көшесі мен жақын орналасқан жекеменшік сектордың көп қабатты үйлері жылыту жүйесінсіз қалады.

Сондай-ақ, жылу берудің төмендетілген режиміне жасөспірімдер спорт мектебі, «Балауса» балабақшасы және №59,  86 жалпы білім беру мектептері ауыстырылады.  Барлық жұмыстарды сегіз сағат ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Компания мамандары осы аралық ішінде  ыстық суды уақытша өшіретінін жеткізді.  

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар