ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

13:30, 6 қыркүйек 2019

Жылыту маусымының басталуына бір жарым ай қалды. Негізі діттеген меже бойынша барлық жұмыстар аяқталуы тиіс.Облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста қалалар мен аудандардың қыс мезгіліне дайындығы қаралды. Әйтсе кейбір өңірлерде күрмеулі мәселелер бар

Коммуналды сала қызметкерлері аймағымызда қазандықтармен жылытылатын барлық әлеуметтік және мәдени нысандар үшін  көмір қажетті көлемде сатып алынғанын мәлімдейді.Ал көп қабатты тұрғын үйлер бойынша  нығыздау жұмыстары  аяқталды.

Сәбит ОСПАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Қарағандыда орталық жылу беретін 2365 көп қабатты тұрғын үй бар.Сонымен қатар 15 көпқабатты үй  автономды жылумен жабдықтау қондырғыларымен жабдықталған. Олар 6 қазандықтан жылытылады. Дәл қазіргі күні  2301 көпқабатты үйдің жүйелері ретке келтірілді. Актілер бойынша дайындық деңгейі 100%. Жалпы жоспар бойынша 85% актіні  2270 көпқабатты тұрғын үй алды. Бұл шамамен 95% құрайды.

Қазіргі уақытта Қарағандыда  22 шақырым магистралды және орамішілік  желілер жөнделуде.Алайда жауаптылар жұмысты мерзімінде аяқтаймыз деп сендіріп отыр.Бірақ облыстың кейбір қала мен аудандарында  кестеден кешеуілдеу бар.

Ұлантай ҮСЕНОВ, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Қазандықтарды жөндеу және тұрғын үйлерді дайындау бойынша айтарлықтай қалыс  қалушылықтың бар екені рас.Жылыту маусымы басталғанға дейін күллі  қазандықтар дайындық паспортын алуы тиіс. Инженерлік желілерді дайындау бойынша Саран, Теміртау, қалалары мен  Ақтоғай ауданында артта қалып отыр. Бұдан бөлек әлеуметтік және мәдени нысандар мен тұрғын үйлерді әзірлеуге сәйкес  Саран, Теміртау шахарымен  Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары көрсетілген мерзімнен  кешігіп жатыр.

Дегенмен  түгел разрездерде бүгінгі күні көмір түсірілуде.Яғни тәулігіне 1000 тонна. Әйтседе тұрғындар үшін  көмірдің бір тоннасы 10000 және 11 мың теңгені құрайды деп жиналыста атап өтті жауаптылар. Өз кезегінде облыс әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары жылу маусымына дайындық сапасын қадағалайтын арнайы топ құруды тапсырды.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Сұрақ туындаған жерде топты ұйымдастырыңыз.Ертеңнен бастап  аталған орындарды қарап,   қатаң қадағалауға алыңыз.Әсіресе  қазандықтардың ахуалын бақылап,  дереу анықтаңыз.

Ермағанбет Бөлекпаев жергілікті биліктің  көмір тапшылығы мен қарбаласқа  жол бермеуіне баса  назар аударды. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары  көмір бағасы негізсіз көтерілген жағдайда оны дереу хабардар етуді тапсырды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар