ЖЫЛУ ӘЗІРГЕ ӨШІРІЛМЕЙДІ

17:17, 15 сәуір 2019

Жылыту маусымында бірыңғай диспетчерлік қызметке тұрғындардан 262 шағым түсіпті. Оның 119-ы сапасыз жылумен қамтамасыз ету бойынша. Бүгін өңір басшысы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен аппарат кеңесінде жылыту маусымының қорытындысы шығарылды

Жалпы облыстың барлық елді-мекендерінде жылу беру маусымы  бірқалыпты өткен. Жауапты кезінде тұрғындардан 262 шағым түскен. Оның 42-сі  электр энергиясының жоқтығына, 119 сапасыз жылумен жабдықтауға, және 61 сумен жабдықтау мәселелеріне қатысты болған.

Ұлантай ҮСЕНОВ, облыстық ЭТҮКШ басқармасының басшысы:

-Жылу беру маусымы барысында облыстың 9 жылу электр станцияларында бірінші дәрежелі  істен шығу үш рет тіркелді, екінші дәрежелі 207. Қазандық жабдықтары да бар. 3 тоқтау бойынша алдағы уақытта оларды жою және болдырмау туралы ұйғарым берілді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Теміртау қаласындағы екінші ЖЭО-ның  жұмысы ерекше бақылауда болды. Жалпы, станция штаттық режимде жұмыс істеді. Барлығы 44 тоқтау тіркелді. Ол өткен жылу маусымымен салыстырғанда 35-ке аз екен. 22 күн станция бекітілген температуралық режимді сақтамады.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Олар тікелей температуралық режимге де әсер етті. Бұл тоқтаулар, бұл авариялар, басқару тарапынан және техникалық қадағалау тарапының нашар бақылауынан орын алып отыр.. Әрине, мердігердің де кәнәсы бар. Егер ЖЭО-2 айтар болсақ, оған Арселор Миталдың кәнәсі де бар.  Әкімдіктер де  бақылап отыруға тиіс, бірақ олар қадағалау органы емес екенін ұмытпайық.

Қарағандыда бірінші ЖЭО мен  Шахтинскіде ЖЭО ешбір ақаусыз жұмыс істеп шықты.  Қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтың айтуынша, қыста жөндеу бойынша екі жылдық жоба басталған. Орталық магистральдарда ғана апат орын алған.  Биылғы жылы барлық жұмыстар аяқталады. Қала мен аудан әкімдеріне алдағы қысқа сапалы және уақытылы дайындық жұмыстарына кірісу міндеті жүктелді.  Қатты отынды сатып алуды қыркүйек айында емес, маусым айында бастау керектігі де айтылды.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Өткен жылы шілде, тамыз айларында 80 пайызға көп көмір сатылған.  Бұл жұмысты биыл да жүргізу керек. Содан кейін біз көмір бағасын 2 мың теңгеге төмендету жөніндегі меморандумға қол қойдық. Мұны барлық компаниялар қолдады.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Облыста жыл сайын 30-35 көмір сататын орындарға тексеру жүргізу керек..Техника, кірме жолдардың болуы, таразы жабдықтарының дайындығын біз тексеруіміз керек.

Жылу беру маусымының аяқталуына келер болсақ, синоптиктердің болжамы бойынша сәуір айының соңына қарай күн райы суытады деп күтілуде.  Сондықтан жылу әзірге өшірілмейді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар