ЖЫЛДАМ, ЖЕҢІЛ, ҚОЛЖЕТІМДІ

13:05, 8 қазан 2019

Баспана кезегінде тұрған Саран қаласының тұрығындары өз кезектегі реттік тізімін арнайы бағдарламамен бақылай алады. Оларға мобильді қосымша арқылы санаулы уақыттың ішіде тиісті мағлұмат алу мүмкіндігін туындаған

Ағымдағы жылдың наурыз айында Саран әкімшілігінде атаулы әлеуметтік көмекті есептейтін калькулятор бағдарламасы құрылып, іске қосылған еді. Содан бері әр тұрғын тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырмайтын болған. Керісінше, қала әкімінің сайтынан калькулятор арқылы берілетін әлеуметтік көмектің есебін оңай шығарып ала алатын дәрежеге жеткен.

Енді тағы да жаңашылдық пайда болды. Баспана кезегінде тұрған сарандықтарға кезектің жылжуына байланысты тиісті ақпаратты алуға мүмкіндік туындады. Ол үшін, 3010 нөміріне өзіңіздің  жеке сәйкестендіру нөмірін теріп, хабарлама жібересіз. Бірер минуттан кейін керек ақпарат сіздің ұялы телефоныңызға келіп түседі. 

Настасья ГЕРАЩЕНКО, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-Келген хабарламадағы мәліметтер арқылы кезекте тұрған тұлға өзінің тізімін қадағалай алады.  Бұл ақпаратты ай сайын тіпті, күн сайын алуға болады. Қай жақта болмасын, қалада , ауылда, тіпті шалғайда болса да. Ыңғайлы, әрі тұрғындардың уақытын үнемдейді.

Жаңашылдықпен қала тұрғыны Жаңагүл Дәуренбекова да танысып үлгерді. Ол өз кезегі жайлы ақпаратқа санаулы минуттардың ішінде қол жеткізді.

Жанагуль ДАУРБЕКОВА, тұрғын:

-Мен үйдің кезегін білу үшін 3010 нөміріне ЖСН нөмірін СМС-пен жібердім. Жауап тез келді. Ризамыз.

Саран қаласында жетім балаларға, көп балалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткерлерге арналған жалдамалы пәтерлердің құрылысы аяқталғалы жатыр. 2019 жылдың желтоқсан айында тұрғындар қоныстарына кіреді деп жоспарлануда. Саран қаласында бүгінде 1291 адам үй кезегінде тұр екен.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар