ЖҮЗУДЕН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

16:32, 4 мамыр 2019

Ұлы жеңіс күні мерекесіне орай Қарағандыда синхронды жүзуден ашық чемпионат өтті. Екі күн бойы 100 –ден аса спортшы өзара сынға түсті

Жарысқа Қарағанды облысының, Теміртау қаласының  Ә.Молдағұлова атындағы спортқа дарынды балалардың мектеп-интернатының және Алматы қаласының құрамасы қатысты.

Елена КОТОВА, Қарағанды облысы бойынша синхронды жүзуден аға бапкер:

-Бұл жарыстың ерекшелігі біз  қазылар алқасы жарыс  соңында  үздік орындаушыны таңдап  аламыз. Оған дайындаған арнайы сыйлығымыз бар.

Жарыстың алғашқы күні спортшылар шартты бағдарламаларын комбинациялық топтарда көрсетсе, екінші күні міндетті бағдарламалар бойынша дуэттер мен жас топтар қазылар алдында сыналды.

Сая ҚЫЗЫЛБАЕВА, жарысқа қатысушы ( Теміртау қаласы):

-Бұл спорт түрі өте қиын, әдемі. Болашақта мен чемпионка болғым келеді. Бұл алғашқы жарысым, қобалжып тұрмыз.

Турнир қорытындысы бойынша, солодан  жасөспірімдер  арасында үш орын қатарынан қарағандылық  спортшыларға бұйырды. Ал,  8 және оған дейінгі балғындардардың жұптық жарысында  Алматы қаласының спортшылары топ жарды. Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары маусым айының 10-11 күндері  Металлургтер қаласыда өтетін «Теміртау маржаны» республикалық чемпионқа жолдама алды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар