ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

15:55, 25 қыркүйек 2018

Қарқаралы ауданында жұмыспен қамту орталығы толықтай сандық форматта жұмыс жасауда. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында, бүгінде, екі қолға бір күрек іздеген жандар мемлекеттік мекемеге келмей-ақ, электронды еңбек биржасы порталынан қажетті қызметке өтінім қалдыра алады

Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту орталығы бүгінде жұмыссыздықпен күресуде үлкен жұмыстар атқаруда. Орталық жыл басынан бері 1500-ге жуық адамды еңбекпен қамтыған. Соңғы тоғыз айда ақылы қоғамдық қызметке 370 адам тартылса, салада электронды технологияның енгізілуі біршама жаңашылдық әкелген.

Қанат БАБАЙБЕКОВ,   Қарқаралы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Бізде еңбек биржасы порталы іске қосылаған. Қазір жұмыс іздегендер онлаин негізде өз өтінімдерін қалдыра алады. Осы арқылы, без посредников дейді ғой, жұмыс беруші мен іздеуші арасындағы байланысты орналастырып отырмыз.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы ауданда үш бағыт бойынша жүзеге асуда. Алғашқы қадамында, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен биыл 72 адамды тегін оқытып, үшінші тоқсандық жоспарды асыра орындаған. Соңғы 9 айда, жұмыспен қамту орталығы арқылы 70 жуық адам несие алып, шаруасын өрге сүйреген.  Жалпы, бір жылға 250 миллион теңгенің төмендетілген пайыздық несиесі беріледі деп күтілуде.

Ардақ СЛАМБЕКОВ,  Матақ ауылының шаруа қожалығы иесі:

-Орталықпен байланысымыз тығыз. Парыз-2018 байқауына құжаттарымды жинауға келдім. Барлық қызметті жылдам, әрі тез алудамыз. Қызмет сапасы өте жоғары.

Орталықтың алдында бір жыл ішінде 1714 адамды жұмыпен қамту жоспары тұрса, бүгінде оның 1532 еңбекпен қамтылған. Оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Тіпті, орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мынадай тактилді сары жолақтар төселген. Соы арқылы мүгедек жандан өздеріне қажетті бөлмелерге дұрыс бағыт-бағдар алмақ. Ал, діттеген жерге жеткен соң, мынадай саусауқпен сезіну арқылы оқуға мүмкіндік беретін тақтайша қол тигізіп, қандай маманның отырғанын біле алады. Егер, өзіне қерек қызметті осыдан ала алатынына сенімді болса, емін еркін ішке ене бермек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар