ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРҒА КӨМЕК

16:51, 13 наурыз 2019

Жұмыссыз жүрген жастардың саны жағынан еліміз бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Дипломы бар, бірақ екі қолға күрек таппай жүрген 6 мың жас болса, 9 мың қыз-жігіттің не жұмысы, не алған білім жоқ. Олар кімдер? Осыны анықтап, мемлекеттен жасалып жатқан көмекті түсіндіру үшін , бүгін ақпараттық керуен жолға шықты

«Жастар үшін» деп аталатын жастар қозғалысы ауыл-ауылды аралап, құрамындағы әр саланың мамандары жан-жақты кеңес бермек. Қалай тегін білім алуға және жұмысқа тұруға болады. Кәсіп ашу үшін қандай құжаттар керектігі жастарға кеңінен түсіндіріледі. Айталық, биыл Қарағанды облысына 700 грант бөлініп отыр. 500 мың теңге көмек қаржы, өз ісін бастағысы келетін жас бизнесмендерге беріледі.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, жастар саясаты  жөніндегі басқарма басшысы:

-Қарағанды облысындағы жұмыс істегісі келмейтін, оқығысы келмейтін жастар саны республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бұл кімдер? Осыны анықтап, нақты жұмыс істеу үшін оларға мемлекетте жасалып жатқан бағдарламаларды түсіндіріп, мотивациялық лекциялар оқып, олардың қайда жұмысқа орналасуға болады, қандай бизнес ашуға болады, осының барлығын түсіндіретін жастар жылында өткізіліп жатқан іс-шаралардың басытысы осы болып тұр.

Керуен жолға шығуға дайын. Оның құрамындағы  мемлекеттік мекемелер, «Даму» қоры, «ҚазАгро» қаржылық институтының өкілдері, «Жас отан» жастар қанаты және  банк қызметкерлері аудандарда жұмыссыз жастармен  кездеседі.  

Жүніс ТӨРЕГЕЛДИН, студент:

-Осы жобалардың арқасында ел ішінде көптеген жаңа ойларын көрсете алмай жүрген жастарға көмек беріледі. Алға қойған қадамдарын іске асыруға көмек.

 «Жастар үшін» қозғалысы өз жұмысын Теміртау қаласынан бастамақ. Әрі қарай жыл бойына бекітілген жоспарға сәйкес, барлық қала мен аудандарды аралап шығады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар