ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ КӨБЕЙТУ КЕРЕК

17:49, 16 мамыр 2019

Қарағандылық кәсіби-техникалық білім алған түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қайтпек керек? Аталмыш білім жүйесін жетілдіру тетіктері қандай? Бүгін бұл мәселелер Қарағандыда өткен халықаралық форумда сөз болды

Колледждердің оқыту бағдарламасы жұмыс берушілердің талабына сай келмейді. Сондықтан жұмыс берушілермен оқу орындарының басшылары білім беру бағдарламасын бірлесе отырып жасуы тиіс. Бұл форумға жиналғандардың пікірі.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Біз ЖОО-ның дербестігін сөз еткенде колледжедердің әлде қайда дербес екенін байқай аламыз. Оқыту бағдарламасын жаңартуды жұмыс берушілер мен оқу орын басшылары бірігіп, 50-80 пайызға дейін жеткізе алады. Ыңғайға қарай ауыстыруға болады деген сөз. Алға басушылық бар, бірақ, түйіткілдер де жеткілікті.

Аграрлық салада да ақсап тұрған тұстар бар. Бүгінде облыста 9 колледж ауылшаруашылығы саласының мамандарын даярлайды. Десе де өзгертуді қажет ететін тұстар баршылық.

Мәнен ОМАРОВ,  «WorldSkills» академиясының ректоры (Нұр – Сұлтан қаласы):

-Ауылшаруашылығының жауапкершілігі мол. Қауіпсіздікке баса назар аудару керек. Маман жетіспейді, материалдық базада әлсіз.

Жалпы алғанда облыста орта  білім беретін 70 колледж бар. Онда жыл сайын 40 мың маман жұмысшы мамандықтарын игеріп шығады. Олардың 12 мыңы өндірістік тәжірибеден өтеді.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық білім басқармасының жетекшісі:

-Дайын кадрлар барлығының көңілінен шыға ма? Халықаралық байқаулар бар, онда қазақстан жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бірақ, онда бірең-сараң адам қатысады. Біз осы деңгейге барлық оқушыларды көтеруіміз керек.

Биік межеге жету үшін Қарағандылық колледждер шетелдік мамандармен келісім шартқа отырмақ. Мысалға Теміртау қаласының сауда және тамақтандыру колледжінің студенттері енді Түркияның қонақ үйлерінде тағлымдамадан өтетін болады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар