ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

18:47, 10 қаңтар 2019

Енді базарларда тәшке сүйреп, тиын тебен үшін жалданатындар жақсырақ жұмысқа орналаса алады. Себебі дәл осы топтағы адамдарды қолдау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі «Шығыс» базарында «Жұмыспен қамту» пунктін ашты. Орталықта алғаш болып халыққа ақпаратты облыс әкімі Ерлан Қошанов жеткізді.

Енді мұндағы жалдамалы жұмыс істейтін жастар тәшкені компютерге, автокөлік жуатын сүрткішті, тігін машинасына, суық даланы жылы кеңсеге айырбастай алады. Яғни қайта оқып, біліктіліктерін арттырып тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік молайды. Тіпті «Бастау Бизнес» арқылы несие алып, кәсіпкер атана алады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімді тетіктерін осында орналасқан «Жұмыспен қамту» пунктінде ақпараттандырып жатыр. 

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы:

-Ауылдан келген жастар Қарағанды қаласында жұмыспен қамту орталығын қай жерде екнін білмейді. Осы мақсатта көбінесе ауылдан келген жастарымыз урбанизациядан ауылдан көптеген жастар қалаға келеді. Сондықтан да әсіресе жаздың күндері жастар осы базарға келіп жұмыс істейді. 

Облыс әкімі Ерлан Қошанов жастармен арнайы кездесіп, өтініш тілектерін сұрап білді. Жалпы облыста жастардың үлесі 300 мыңға жуықтайды. Олардың 7 мыңы жұмыссыз жүр. Бұл ақпараттандыру жұмыстарының бәсеңдігі деп жауаптыларды сынға алды. Сондықтан орталыққа жүгінген адамды тек тіркеп қана қоймай, мемлекеттік бағдарламалардың ұтымды ұсыныстарын  дұрыс түсіндіруді талап етті.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

-Осы базарда 10-15  мыңға дейін адам өтеді. Солардың барлығы өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар.Солай ма? Жұмысы жоқ жігіттер. Әлгі телешка тасып жүреді, немесе грущик жүк артатын жігеттер. Олардың барлығы мамандық алғысы келеді. Елбасының қаншам бастамалары мен Жолдауларында жасаған мүмкіндікутерді пайдалану үшін осынысы жасадық.

Ақпараттандыру жұмыстары нәтижелі екеніне бір ғана мысал. Азамат Құтжанов базарда жалдамалы жұмыста. Күзетші ретінде табатын тиын-тебені бүтін бір отбасын асырауға аздық етеді. Бүгін «Жұмыспен қамту» орталығына келіп, бизнес ашуға мол мүмкіндігі барын сұрап білді.  Енді ортопедиялық матрас жасайтын цех ашуға бекініп отыр.

Азамат Құтжанов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Матрас ортопедиялық адамның денсаулығына пайдасы бар. Жәй жасайтындары да бар. С кокосом дегендері де бар. Соны әрі қарай іске асырам ба деп отырмын. Осы жерге келіп тіркеліп, жанағы қаражат жағынан қиналып жүрміз. Маған кешеден бастап түсіндіріп жатыр. Бір екі ай оқып, жұмыс тауып береді.

«Жұмыспен қамту» пунктінің есігі жасқа да жасамысқа да ашық. Мұндағы білікті мамандар барлық ақпаратты беруге дайын.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Енді Қарағанды облысында жалдамалы жұмыс істейтін жастардың саны азаяды. Себебі облыс әкімі Қарағанды қаласының барлық базарларында және қалаларда осындай орталықтар ашуды тапсырды. Себебі осы орталыққа бір күннің өзінде 30 адам келіп, соның 6-ы тұрақты еңбекке қамтылған.  Бұл өз кезегінде  жұмыссыздықпен күресудің тиімді жолы болмақ.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар