ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛЫ

17:01, 16 мамыр 2018

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бұрын істі болған немесе шартты түрде жазаға тартылғандар да еңбекпен қамтылуда

Жайлау Әмірсіновтің күректей екі дипломы болса да оны кәдеге асыра алмай, күнделікті көше тазалап нәпақасын тауып жүр. Алайда ол мұндай жұмысының барына да шүкіршілік етеді. Өйткені, мекеме-кәсіпорындар қызметке қабылдамайды. Бар кедергі - жыл басында сот оған шартты түрде жаза белгілеген. Қазір пробация бөлімінде тіркеуде тұр.

Жайлау  ӘМІРСІНОВ, «ГорКомТранс» ЖШС-нің жұмыскері

Мен түзелу жолына түстім. Жұмыс істеуге кірістім.Аптасына екі рет құқық қорғау саласына барып, белгіленіп тұрамын.

Жайлау Әмірсіновтің жалақысының 35 пайызын жұмыспен қамту орталығы төлесе, қалғанын жұмыс беруші өтейді. Қоқыс тиеуші болып Жайлау Әмірсінов 6-наурыздан қабылданған. Оның атына қос тараптан ешқандай шағым түспепті. Қайта жұмысына жауапты деген баға берілген.

Марина ПОТЕШКИНА, «ГорКомТранс» ЖШС-нің бөлім  басшысы

Қазіргі уақытта біздің мекемеде  «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 5 адам жұмыс істейді. Оларды  бізге  жұмыспен қамту орталығы жіберді. Тек бір адам ғана пробация қызметінде есепте тұр.

Жайлау Әмірсіновтің еңбекпен қамтылуына жұмыспен қамту орталығы қолдау көрсеткен. Аталған мекемеге тағы 35 адам өтініш білдірген.

Нұркен БАЯНОВ, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары

21 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.Олар, «ГорКомТранс», Азия Трейд, Зообаққа  және «Каз-метиз» тағы басқа да жекеменшік кәсіпорындарға жұмысқа жіберілді.

Елімізде жұмысыздықты жоюға және қайта оқытуға бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар