ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСІЗ БЕ!?

15:16, 15 қараша 2019

Қарағанды қаласында мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік кәсіпорындарға 1000-нан астам маман тапшы. Қажетті кадрлерді табу үшін жұмыспен қамту орталығында Ашық есік күні өткізіліп, бос жұмыс орындары ұсынылды

Қазір жұмыс іздеп жүргендердің бірі Евгений Умаргатаев. Бірер ай бұрын 27 жастағы қарағандылық шалыс басып, істі болған. 3 жыл көлеміндегі шартты түрде жазасын өтеу міндеттелген. Заңға қайшы жасаған әрекеті үшін  қатты өкінетін Евгений енді еңбекпен қамтылып, жеке отбасы құруды армандайды. Осы жол оған дәнекерлеуші жұмысы да табылды.

Евгений УМАРГАТАЕВ, қала тұрғыны:

- Мен осы уақытқа дейін базарда, дәмханаларда кәуап пісіріп, сатып, ақша тауып жүрдім. Ешқайда тұрақты түрде жұмыс істемедім. Балалар үйінде тәрбиелендім. Үй кезегінде 10 жылдан бері тұрмын. Мені осында шақырып, бос жұмыс орындарын ұсынған орталық қызметкерлеріне көп рахмет. Енді ерінбей еңбек ету ғана қалды.

Ашық есік күні 10-ға жуық мекемеден бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде, көлік жүргізуші, электрик, дәнекерлеуші, дүкен сатушы мамандарына сұраныс жоғары.

Вера БОЕВА, жеке меншік компания өкілі:

- Былтыр біздің мекеме 60-тан астам адамды жұмысқа қабылдады. Оның жартысынан көбін жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке алдық. Бүгінде 10-ға жуық маман керек деп отырмыз. Ашық алаңда жұмыс іздеушілермен емін-еркін, тікелей тілдесуге мол мүмкіндік бар.

Жалпы, жұмыссыздықты жоюда  «Жастар тәжірибесі», «Қысқа мерзімді оқыту» бағдарламаларының алар үлесі орасан. Соңғы бағдарлама бойынша кәсіптік білім алуға 965 адам жіберілсе, оның 600-ден астамы өз мамандығын тауып үлгерген.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ, жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Бүгін бірнеше мекеме өкілдерін шақырып, бос жұмыс орындарын ұсынып отырмыз. оның ішінде, жазасын шартты түрде өтеушілерге басымдық беріп отырмыз. біздің ойымызша, жұмыс істеймін деген ниеті бар әрбір адамға – осы жерден жұмыс табуға толықтай мүмкіндік бар.

Биыл жыл басынан бері Қарағанды қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы  15 мың адам жұмыс сұрап тіркелсе, оның 12 мыңы еңбекпен қамтылған. Ал, 1000-нан астам адам қала бойынша екі қолға бірек іздесе, бос жұмыс орындарының тізімінде түрлі бағыттағы 3000-ға жуық маман тапшы.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар