ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

14:26, 19 наурыз 2020

Қазір коронавирустың салдарынан дәріханаларда медициналық бетперделер азайып кетті. Мұны естіген қарағандылық тігінші, өзі үй жағдайында маскаларды тігуде. Ең бастысы - ол тыныс алуға ыңғайлы болу керек. Ал, оны дезинфекциялау жолдары қандай?

Гүларай Мұртазинаның - тігіншілікпен айналысып жүргеніне  4  жыл болған. Бұған дейін мектеп формалары мен түрлі киім-кешектерді тігетін ол, енді бетперделерді дайындап шығаруды қолға алып отыр.. Шағын шеберханада күніне 500-ге тарта бетперде  тігіледі екен.  Әр маскаға кем дегенде 15-20 минуттан уақыт кететін көрінеді.  

Гүларай МҰРТАЗИНА, «BIZDYN FORMA» тігін фабрикасының директоры:

-Адамдар хабарласа бастағаннан кейін, сұраныс болғаннан кейін, бізде ойланып, қарап жасай аламыз дегеннен кейін, осылай бастадық тігуді. Әрине, осындай жағдай болмай-ақ қойса деп тілер едік. Бірақ, осындай төтенше жағдай болғандықтан адамдарға қорғаныс жанағы зат, бетперде дегеніміз қажет болғаннан кейін бастадық. Маскалардың ішінде қалташа сияқты тігеміз, қалташаға медициналық бинт немесе марля дейді, соны үш бүктеп соны салуға болады. Немесе түрлі эфирлі хош иісті майларлды да тамызып алып маскаларды киіп алса болады. Микроб өлтіруге керемет нәрсе.

Жұқпалы дерттің ауыр екенін ұғынатын тігінші қарапайым халыққа көмек беру үшін өз үлесін қосып, сауап алғысы келеді. Әрине нарық бағасы күндегісі күнде құбылып тұрғандықтан, бетперделердің бағасы орта есеппен 300 бен 800 теңге аралығында сатылып жатыр. Шеберханасында бар-жоғы 5 адам жұмыс істейді.  Айта кету керек, бұл жерде балаларға арналған маска түрі де бар.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ, тілші:

-Короновирустан қорғану үшін міндетті түрде медициналық бетперделерді қолданып қана қоймай, үй жағдайында мынадай маскаларды да тігіп алып тағуға болады. Матасы жұмсақ, таза мақатадан жасалған. Әрі бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Бастысы дұрыс дезинфекциялау жолдарын білсеңіз болғаны.

Иә, дезинфекциялау жолы демекші, ақ халатты абзал жандар үй жағдайында тігілетін мынадай маскаларды залалсыздандыру жолдарын да  айтып берді.

Гүлшәрбат АЛШЫНБЕКОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасының  өкілі:

-Үй жағдайында тігілетін маскаларды арнайы дезинфекциялаудың қажеті жоқ. Оны кәдімгідей сабынмен, кір сабынмен жақсылап жуған соң, кептіріп, ыстық үтікпен бірнеше рет үтіктеу керек екі жағынан. Болды. Тиімділігі тек қана экономикалық жағынан ғана шығар, өйткені ол енді қайта-қайта сатылып алынбайды. Өзі бір-ақ рет жасап алғанна кейін, үнемі тазалап отыру керек. Бұл масканы не үшін кию керек, егерде отбасындағы адамның біреуі ауырып қалған жағдайда ғана сақтану, қорғану мақсатында. Бір-ақ рет қолданатын маскалар тәрізді, бұларды да әр 2-3 сағаттан кейін ауыстыру керек.

Иә, әркім бұл індетке қарсы күресті өзінен бастау керек. Сондықтан,  дәріханаларда медициналық бетперделердің тапшылығынан, қала тұрғындары осылай амалдауда.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар