ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

12:59, 5 тамыз 2020

Қарағанды облысында жоспарлы медициналық қызмет көрсету біртіндеп қалыпқа келе бастады. Яғни, карантин кезінде жаппай COVID-19 –бен күрес мақсатында біраз жұмысы қайта жасақталуда. Нақтырақ айтқанда өз емделушілерін басқа да ауру түрлері бойынша қабылдау үстінде.Бұл жұмыстар облыс бойынша 10-шы тамызға дейін толық қалыпқа келтірілмек

Жанболат Сартбаев -көптен бері өзін жайсыз сезініп жүрген. Алайда, қазіргі ахуал дәрігермен тек онлайн байланыста болуға мүмкіндік берді. Бүгін өкпесін, кеуде тұсын, толық тексертіп алмақ ниетте.

Жанболат САРТБАЕВ,  қала тұрғыны:

-Мен қазір по ВСК және флюраға келгем. Қазір соны тапсырып, жалпы тәжірибелік дәрігерге барамын. флюраны өтеміз, ауырған жерді көрсете аламыз, жақсы болды, енді карантин тезірек бітсе.

Қазір емдеу шараларын қалыпқа келтіру үшін арнайы жоспар жасақталған.  Скрининг, флюрография сынды қызметтер қол жетімді. Тұрғындардың арасында әсіресе аясы тар мамандарға деген сұраныс артып тұр.  Сондықтан олар келер аптадан бастап пациенттерді қабылдай бастайды.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ,  денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз вирус жұқтырған пациенттерді орналастыру үшін 4 427 стационарлық төсек-орынды пайдаландық. Бүгінгі күні олардың бар болғаны 26% -де науқастар жатыр.  17:15Реанимациялық төсек орындар 80 %-ке босады. Енді қазір біз жоспарлы науқастар ағынын шартты түрде ұйымдастыра аламыз, олардың емханаларға келіп індет жұқтырып алуы мүмкін деген қауіп жоқ.

Атап өткен жөн, жоспарлы емдеу жұмыстары жанданғанымен, медициналық мекемелерге ағылатын адам нөпірін қалыпта ұстау керек.19:30 Ол үшін алдын-ала учаскелік дәрігер арқылы жазылу қажет.Тек, шұғыл ем – дом қажет ететіндер бірден дәрігердің бақылауына жіберіледі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар