ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

17:16, 13 мамыр 2019

Қарағанды қаласындағы теміржол вокзалының құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Бұл жайында жұмыс қарқынын тексеруге барған облыс әкімі Ерлан Қошановқа мердігер компания өкілдері хабарлады

Алайда,құрылыс қарқыны Ерлан Қошановтың көңілінен шықпады. Медігер компанияның жұмысын қатты сыңға алды. Аймақ жетекшісі мұндағы олқылықтарды  жақын арада жоюды тапсырды. Қазір адамдарды  2 есеге дейін  кіргізетін жаңа терминалдар орнатылуда.  Жоба толық күшіне енгенде, жер асты өткелінен перенға өтуге болады. Лифті мен эскалатор да қарастырылған. Айта кету керек теміржол вокзлына соңғы 11 жылда алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Міндетті жыл соңында  толық аяқталады деп күтілуде.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар