ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

13:20, 9 қыркүйек 2019

Ел президенті Қ.Тоқаевтың «сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы жолдауын Бұқаржырау ауданының жұртшылығыда талқыға салып, қолдау білдірді. Аудан әкімі өңірдің белесенділерімен кездесіп жолдауда айтылған басым бағыттарға мән берді

Жиын шымылдығын аудан әкімі Шагурашид Мамалинов ашып жолдаудағы негізгі мәселелерге тоқталды.Бірінші кезекте халықпен кері байланыс орнату арқылы ішкі мәселерді шешу. Облыс орталығына іргелес орналасқан Бұқаржырау ауданы агросеткордың бір қатар бағыты бойынша алдыңғы қатарда. Бүгінгі күнде аудан бойынша қолда бар суармалы жерлердің тек 20% ғана пайдаланылады. 2022-шы жылға дейін 13,4 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

-2022 жылға дейін суармалы жер көлемін арттыру көзделіп отыр. Президентте жер көлемін тиімді пайдалану мәселесін айтқан болатын. Сол себепті тыңғылықты тексеріс жұмыстарын күшейтіп жерге қатысты мәселені бір жақты ететін боламыз.

Бизнестің кеңістігін кеңейту үшінде алдағы жылдары үлкен қолдау көрсетілмек. Бүгінде ауданның 12 пайызы шағын және орта бизнеспен айналысады.Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 25 пайызға жеткізу көзделген. Барлығы 3000 нан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Солардың бірі Татьяна Фаленскаяға тиесілі. Ол өз ауылында сұлулық салонын ашқан.

Татьяна ФАЛЕНСКАЯ, жеке кәсіпкер:

-Шағын және орта бизнестің дамуына өте үлкен мүмкіншіліктер беріліп отыр. Әсіресе өз ісін енді бастағандарға тиімді деп ойлаймын. Ауылды жерде бизнесті дөңгелету үшінде түрлі мүмкіншіліктер жыл сайын артып келеді.

Сонымен қатар,отбасылық бизнесті дамыту мақсатында 8 көпбалалы анаға 3,5 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Жыл соңына дейін 17 грант бөлінбек.Ауданға жастарды тарту мәселесіде жыл санап бір жүйеге еніп келеді. Соңғы жылдары 450 маман дипломмен ауылға оралған. Солардың бірі Салтанат Исатаева ол балабақшада тәрбиеші болып қызмет етеді. Ауылды жерде қызмет етуге барынша қолдау барын айтады.

Салтанат ИСАТАЕВ, бала -бақша тәрбиешісі:

-Мінекей осы бір жарым жыл ішінде осы бағдарлама бойынша неше алып екі бөлмелі пәтерге ие болдым.

2019 жылы "Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасы аясында аудан бойынша 16 басым ауылдық елді мекендер анықталды. 2020 жылға осы ауылдардың инфрақұрылымдық объектілерін ағымдағы және күрделі жөндеу жобалары бойынша өтінімдер берілді.Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі бір қатар тапсырмаларды негізге алып бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар