ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

16:44, 11 қазан 2018

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы Достық үйінде өткен кеңейтілген кеңесте талқыға салынды. Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен студент жастар Елбасының бастамаларына қолдау көрсетуде

Кеңейтілген кеңеске Қарағанды облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктің өкілдері, ЖОО-ның студенттері қатысты. Жиналғандар халықтың әл-ауқатын арттыруға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, өмір сүруге жайлы да қауіпсіз орта қалыптастыру, білім беру тетіктерін жетілдіру жолдары сынды өзекті бағыттарға ерекше тоқталды.

Маңызды құжатта келер жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Қазақстанның алдағы дамуы, осы реформалардың орындалуы тікелей жастардың қолында. Сондықтан, бүгінгі жастар, білімді, жаңа технологияларды жіті меңгерген кәсіби маман болуы қажет. Ол үшін мемлекет барлық жағдай жасап отыр. Мұны жақсы түсінетін белсенділер  Елбасы жолдауын жастар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге әзір.  

Александр УРМАШОВ,  «Дакия» румын қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-Жол ашылды. Бағдар бар. Бағыт айқын. Атқаратын, атқарылатын жұмыстар жетерлік. Елі сенген елбасымыз ел ертеңі жастар деуінің өзі әрқайсымызға ерекше шабыт бергені сөзсіз. Біліммен қаруланып, технологияны меңгереміз. Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз.

Отырысқа қатысушылар Президент жолдауына айрықша қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. ҚарМУ-нің оқытушысы Жамбыл Жұмабековтың айтуынша, Президент өзінің жыл сайынғы Жолдауында қарапайым азаматтардың тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін міндеттерді қояды. Әсіресе білім саласы мен ғылымды дамытуға үлкен ден қойылғаны қуантады дейді.

Жамбыл ЖҰМАБЕКОВ, ҚарМУ кафедра меңгерушісі:

-Жолдаудағы мына бізге оқытушы ретінде ұнағаны ЖОО-ның сапасын арттыру мәсеселі болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында айтылған бірқатар ұсыныстарды тыңдап, талқылаған қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына қолдау білдіріп резолюция қабылдады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар