ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

13:59, 29 маусым 2020

Нұра кентінде жол мәселесі келесі жылы толық шешімін табады. Биылдың өзінде 90 пайызы қайта қалыпна келтірілмек. Жалпы ауданбойынша ағымдағы жылы 35 шақырымнан аса жол жөнделеді. Жаңарту жұмыстарына бөлінген қаржы 1 миллиардтан астам. Бұл «Ауыл –ел бесігі», «Аймақтарды дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалар бойынша атқарылады

Ольга Дюмина -Нұра кентінде 30 жыл тұрады. Осы уақыт аралығында    Сәкен Сейфуллин көшесі бойындағы мына  400 метр участкіде мүлдем жол болмағанын айтады. Соның салдарынан көлік түгілі, адамның жүріп - өтуі қиындаған. Жаңбыр жауғаннан кейінгі  батпақ лай - тіпті жедел жәрдемнің келуіне кедергі келтіретін көрінеді.  Бірнеше жыл мұғдарында қордаланған бұл мәселені Ольга Дюмина,биыл аудан әкімінің есеп беру жиналысында көтерген. Бірден бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, аталған аумаққа жаңаданжол салынды.

Ольга ДЮМИНА, Нұра кентінің тұрғыны:

-Егер сіздер білсеңіздер ғой, бұрын бұл жердің жағдайын.  Мысалы мына жерден біз өте алмайтынбыз. Айналып өтіп жүрдік.Ойық шұңқырға тап болатынбыз. Енді қазіргі қуанышымызды білсеңіз. Бізді қойшы балалардың қалай қуанғанын көрсеңіздер. Велосипедттерін шығарып, самокаттарымен зырылдап жүр.

Биыл Нұра кентіндегі жолдарды жаңалауға қазынадан200 миллионнан астам қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамтудың жол картсы 2020» бағдарламасы бойынша  4/9 шақырымдай жол орташа жөндеуден өтуі үшін   140 милндай ақша бөлінген. Қазір мұнда  30 адам жұмысқа тартылды.

Марат БАЙКЕНОВ, Нұра кентінің тұрғыны:

Берекелі бағдарламаның  игілігін көргеннің бірі- Владимир Долматов  Заречный ауылынан келіп еңбек етуде.Бірден бір мезеттік 85 мың теңге көтерме ақы алыпты.Жалақысы тұрақты. Жұмыс кестесі таңертенгі тоғыздан кешкі 6 - ға дейін.

Владимир ДОЛМАТОВ, Нұра кентінің тұрғыны:

-Өте ыңғайлы, әрі тиімді бағдарлама. Ауыл тұрғыны үшін 85 мың теңге жалақы деген өте жақсы ғой. Ауылым Нұра кетіне жақын. Барып келіп жұмыс істеймін. Бастысы еңбекке денсаулығын жараса болды. Басқа мүмкіндіктің бәрі бар. Аудандық жұмыспен қамту орталығына бұған дейін де барып жұмыс сұрағанмын. Әйтеуір назардан тыс қалдырмайды.

Енді аудан орталығына39 млн теңге қаржыға  400-ден астам  жарықтандыру бағаналары орнатылады. Нұра кентінде осылайша жолдардың 90 пайызы асфалттанып қайта қалыпына келтірілмек.  Келесі жылы жол проблемасы 100 пайыз  толық шешіледі.

Мұратбек ТҰРАРОВ, Нұра кентінің әкімі:

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Қазір Нұра кентімен қатар Шахтер, Көбетей, Баршын, Қайнар, ауылдарында  жолдары жөнделудеі, аудан аралық жолдар үшін бюджеттен 1 миллард 112 млн теңге қаржы бөлінген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар