ЖОЛДАР ТАҢБАЛАНУДА

17:48, 25 мамыр 2018

Қарағандыда жолдарды таңбалау жұмыстары басталды

Бұл мақсатқа жалпы сомасы 295 миллион теңге қаржы бөлініпті. Қарағанды қалалық мәслихатының депуттары рейдке шығып, жұмыс сапасын тексеріп қайтты. Жолдарға белгі салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһарымыздың 78 көшелері жаңартылады деп күтілуде. Бұл мақсатқа 295 миллионға жуық қаржы қарастырылған.

Жұмыс  «Зубр-21» мердігер компаниясына жүктелген. Олар заманауи материалдармен ғана жұмыс істейді. Көп жағдайда жолдарды таңбалауға қарапайым бояу қолданылады екен. Алайда, ол екі айға дейін  ғана өңін бермейді. Мамандардың сөзінше, жаңадан салынған асфальтты таңбалауға суық пластикті қолданған тиімді. Оның бағасы да арзан емес. Сондықтан, аталған материал орталық көшелер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға жұмсалуда.

Еркінбай ӘУБӘКІРОВ, «Зубр-21» ЖШС директоры

Әдетте біз жол қозғалысына кедергі жасамас үшін түн кезінде жұмыс істейміз. Қазір түнде суық болғандықтан күндізгі уақытта жұмыс істеп жүрміз. Бір сөзбен айтқанда жұмысымыз күн райына байланысты.  

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ең алдымен жаяу жүргіншілер жолдары таңбаланып жатыр. Жұмыскерлер жол жолақтарын да назардан тыс қалтырмауда.  Мәселен, қазір  Волочаевская көшесіне бояу  салынатын  сызықтар әзірленуде.

Төлеген ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

Биыл депутаттардың ұсынысы бойынша жаяу жүргіншілердің жолдарын бірінші бояуды бастады. Ол азаматтардың қауіпсіздігі.

Жұмыс сапасын қадағалау үшін халық қалаулыларымен бірге жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары коммуналды шаруашылығы бөлімінің өкілі болды. Жолдарды таңбалау жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасады.

Райхан САЙРАНБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар