ЖОЛДАР МЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРДЫ

16:50, 14 қыркүйек 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасымен Қаражал қаласында жолдар қайта жаңаланды. Ал Жәйрем кентіндегі мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша аталған аймақта 13 жобаны жүзеге асыру үшін 700 млннан астам қаржы бөлінген. Ең бастысы 142 жаңа жұмыс орны ашылды

ҚазірМәдениет үйіндеспортшылар жаттығатын залдағы жуынатын бөлмелер қыбырғасы кафель материалымен қапталу үстінде. Акт залының жылу жүйесі жаңаланған. Құбырлар диаметрі бұрын 25 болса бүгінде  40- қа ауыстырлды. Қосымша  5 батарея қосылып, көрермен залымен сахнаның 100 пайыз жылы болуына мүмкіндік жасап отыр.

Асылан СҮЛЕЙМЕНОВ, бригадир:

Мәдениет үйінің жер төлесі араға 35 жыл салып қайта қалпына келтірілді. Ғимарат тұрғызылғаннан бері жөндеу көрмегендіктен әбден тозығы жеткен болатын.  Қабырғалары үгіліп, үнемі ылғалданып тұратындықтан электр желілерінің жанып кету қауіпі жоғары болған.

Ақмарал ИМАНБЕКОВА, мәдени-сауық орталығының директоры:

Мәдени сауықтыру орталығындағы шығармашылық үйірмелер жасқа да, жасамысқа да қызмет көрсетеді.Тұрғындардың демалып,серуендейтін орны болғандықтан нысанның аумағы қоршалып, шарбақтары боялған. Қосымша орындықтар қойылып, қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылып, аумағы аббаттандырылды.

Сонымен қатар Қаражал қаласында«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша  5 көшенің жолын жөндеу жұмыстары аяқталды. Мәселен Кенесары көшесі бойындағы мына  1 шақырымнан астам жол жүргізушілер игілігіне берілді.  Жолдың сапасын  арнайы зертхана орталығы тексереді. Яғни құрылысқа пайдаланылған материалдар сынақтан өткізіледі. Мамандар сапасына 100 пайыз кепілдік бергенде  ғана тапсырыс беруші мердігер компанияға ақшаны төлейді.

Светлана МИЛИУС, ТҮКШ бөлімінің басшысы:

-Бізде үнемі жолдары жөндеу мақсатында жергілікті және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп тұрады. Мәселен биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасынан бөлек 6 көше жолын орташа жөнделеді. Орталық көшедегі жолдар қазір мұнтиаздай. Біртіндеп осылай барлық жердің мінсіз болуына күш салып жатырмыз.

Қаражал қаласында жаңадан жаяу жүргіншілер жолы пайда болды. Жоба Искакаов көшесіндегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.  Ұзындығы 2 шақырым бұл жолды салуға 20 млн теңге жұмсалып отыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар