ЖОЛДАР ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

15:44, 8 мамыр 2019

Қарағанды жолдарының мәселесі қалалық маслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерін алаңдатқанға ұқсайды. Олар кепілдік мерзімі бітпеген жолдардың сапасымен танысып қайтты. Рейд барысында мердігер компаниясының біраз шикілігін ашты

Қыс бітіп, көктем келісімен қала ішіндегі жолдар сын көтермейтін жағдайға түседі.Бұл тұрғыда  қала тұрғындарының шағымы да  биыл аз емес. Содан болу керек, қалалық маслихат депутаттарымен бірге қалалық қоғамдық кеңес мүшелері жолдардың сапасын өздері көріп қайтты.

Былтыр ғана жөнделген мына жолдың сапасын көрген депутаттар ашуға булықты. Әрине, орынды. Мәселен, «қазақ жолы 2050» атты мердігер компания Қарағанды қаласы бойынша 20 бағыттағы жолға жөндеу жүргізген. Бірақ, кепілдік мерзімі аяқталмай жатып, алтауынан ақау табылды.

Алайда, «дұрыстаймыз» деген сөзге сену қиын. Себебі, аталған мердігердің қызметкері Шахмардан Қамбаров компания директорының атын да білмейтін болып шықты. Ол аздай, ешқандай жұмыскерін көрсете алмады. Тіпті жолға  құятын асфальті жоқ болып шықты.

Бейбіт ДОСЖАНОВ, қалалық маслихаттың депутаты:

-Біздің жіберетін негізгі қателігіміз бүгінгі көрген жағдай. Тендер кезінде  осындай мердігерлер бағаны тиісінше төмендетіп тастайды. Ал,Ірі компанияларға тіптен жол жабық. Осыдан кейін сапа жайында айту қисынсыз.. Міне жол салумен айналысатын компания, дымы жоқ.  Техникасы тұрмақ, жұмыскерлері де жоқ. Бұл не сұмдық!

Айман САҒАТАЙ, тілші:

-Осыдан екі жыл бұрын орташа жөндеу көрген жолдың сиқы мынау. Ойдым-ойдым шұңқыр басқан.  

-Аға, Қарағанды жолдырының мәселесі жауыр болып тұр. Себебі неде деп ойлайсыз?

Марат ТҮСІПОВ, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

-Енді бұл жерде коммуналдық шарушылықтың және мердігер компанияның қолдануындағы мәселе ғой. Қазір үкіметтен ақша бөлініп жатыр.

Бүгінгі рейдттен кейін билік жол сапасына назар аударар деген үміттеміз.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар