ЖОЛАУШЫЛАР ДЕРТТЕН АМАН

16:00, 26 наурыз 2020

Қарағанды әуежайына Варшава – Қарағанды бағытындағы ұшақ келіп қонды. Арнайы рейстің бортында 207 адам болған.Олардың барлығы COVID-19 коронавирусына тест тапсырды.Жолаушылардың ешбірінен ауру белгілері анықталған жоқ

Бортта шетелде  оқып жатқан Қазақстан студенттерімен қатар басқада отандастарымыз болған. Ал үкімет  тұрақты әуе қатынасының тоқтауына қарамастан, азаматтардың елге аман-сау оралуына көмектесу үшін  арнайы жіберген.

Ұшақ Қарағанды әуежайының аумағына қонғаннан кейін бортқа дереу дәрігерлер бригадасы көтерілді.Ақ халатты абзал жандар мұндағы әрбір жолаушыны эпидемиологиялық регламент бойынша мұқият медициналық бақылаудан өткізді.Ал тиісті тексерістен соң, азаматтар  қаладан тыс арнайы госпитальға жеткізілді.Осындай қиын сәтті еңсеруге аянбай атсалысып жүрген  медицина мамандарының еңбегі ерен.

Наталья КУСОВА, аға мейірбике:

- Бұл менің жұмысым. Сондықтан тынбай қызмет көрсетуім керек деп санаймын.Өзім инфекциялық бөлімде еңбек етемін.  Біз қашанда  қауіптің басы-қасында жүреміз. Әйтседе қорқынышым болған жоқ.

Варшава-Қарағанды рейсінің жолаушылары  екі күн карантинде  болды. Қазір олар өздері  тұратын қалаларына  қайтарылып жатыр. Қысылтаяң кезеңде келгендерге  зор қолдау көрсеткендері үшін  қарағандылық дәрігерлер мен полицейлерге  азаматтардың айтар алғысы шексіз. Бүгінде Қарағанды облысы бойынша коронавирус жұқтырғандардың нақты саны екеу.Аймағымызда  314 адам  тәулік бойы бақылауда.Оның арасында 152 азамат  үй карантиніне алынған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар