ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ҚАБЫЛДАУ

17:52, 17 мамыр 2019

«Жол үстіндегі қабылдау» акциясы облысымыздың барлық аймақтарында басталды.Онда полиция қызметкерлері тұрғындардың шағымдарын жедел түрде шешіп, кеңес береді. Бұл туралы толығырақ тілші материалында

Полиция департаментінің барлық бөлімдерінің басшылары  бүгін жылы орындарын босатып, сыртқа шықты. Ондағы басты мақсат, аймақ тұрғындарының шағымдарын кабинеттерінен тыс жерде танысуды күнделікті тәжірибеге енгізу. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, тәртіп сақшылары қарапайым халыққа жақын болуы тиіс. Акция ағымдағы жылы осымен екінші рет өткізіп жатыр.  СНХ:

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, полиция департаментінің басшысы:

-Біз осы жолды әрі қарай жалғастырамыз. Қабылдауда тергеу бөлімінің қызметкерлері, криминалды полиция бөлімінің мамандары және жеке қауіпсіздік басқармасының өкілдері белсенділік танытты. Егер, полиция қызметкерлерінің белсенділігі, атқаратын жұмыстары аясында қандай да бір сұрақтар туындаса, сөзсіз жауап береміз.

Әдетте Қарағандылықтар  мұншалықты  көп тәртіп сақшыларын   сирек көреді. Бірақ бүгінгі  қабылдауға келгендер, көп  көкейкесті сұрақ қойды. Сұлтан  Шаехов атылмыш қабылдауды әлеуметтік желіде көрген.  Бүгін ол айыппұллың бар не жоғын білуге келді.

Сұлтан ШАЕХОВ, автокөлік әуесқойы:

-Өте ыңғайлы, менің барлық айыппұлдар тарихымен тіркелген жол – көлік оқиғаларын аз уақыт ішінде алып берді. Менен бар болғаны жеке куәлігімді ғана алды, ЖСН нөмірі арқылы қарады да, бір минут ішінде барлық ақпараттарды қолға берді.

Мобильді "қабылдау" жол қауіпсіздігі, автокөлікті тіркеу, айыппұл төлеу, сонымен қатар көші-қон мәселелері бойынша да кеңес береді.

Асхат МҰҚАНОВ, Көші-қон қызметі басқармасының басшысы:

-Қабылдауға кез – келген азамат тап бола алмайды. Арнайы уақыт бөлу қажет. Көбінесе жеке куәліктерді ауыстыру, ҚР азаматтығын жоғалту, шетелдік қонақтарды Қазақстанға шақыру сынды сұрақтар бойынша келеді.

Сұрақтардың көбі Жол жүру ережесіне қатысты айыппұлдың көлеміне қатысты болды. Сондай-ақ, тұрғындар тарпынан  автоқөлікті қайта өңдеу мәелелер бойынша да  сауал тастады. Мобильді қабылдаудың жұмыстары   әр сенбі  сайын өтеді.

Әли ТОЙЖІГІТОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар