ЖОЛ САПАСЫ – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

16:28, 14 қыркүйек 2018

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Октябрь ауданында орташа жол жөндеу жұмыстарын қадағалауда

Бұл Библиотечная көшесі. Жол сапасының нашарлығы  жауынның кесірінен болуы мүмкін. Қалай десек те, мердігердің жұмысына Қарағанды қалалық мәслихаты депуттарының көңілі толмады. Енді «Ислам KZ» компаниясы 3 шақырымнан аса учаскені қайта жөндеп шығады. Уақыт аз. Кестеге сәйкес бұл нысан қазан айының соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс.

Халық қалаулылары жыл басында  бюджет қаржысын бақылап отыратын арнайы комиссия құрған болатын. Депутаттар Библиотечная көшесінен бөлек Октябрь ауданындағы тағы бес көшені тексеріп шықты. Айтылған сын мен ескертпе  аз емес.  Мәселен, салынған жиектастар асфальт жолына арналмаған.

Мейрам ЫСҚАҚОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

- Жұмыстың сапасын қарап жатырмыз. Кейбір жерлерде кемшіліктер шығуда. Қалай, қай уақытта кемшіліктерді орнына келтіретінін бір айдың шамасында қараймыз.

Октябрь ауданындағы жолдарды жөнеу жұмыстарына 600 миллионға жуық қаржы жұмсалған.

Ескендір ҚАБИДОЛЛА, Қарағанды әкімдігі сектор бөлімінің меңгерушісі:

 - Барлық жұмыстар көзделген мерзімге сай жүргізілуде. Яғни қазан айының соңына дейін. Алайда біз оларды асықтырамыз. Қазан айының ортасында барлық жұмыстар аяқталуы тиіс.Сол кезде кемшіліктер де белгілі болады. Біз мердігер ұйымдарға нені түзету қажет екенін туралы хабар бердік. Олар кемшіліктерді жоймағанша жұмысты қабылдамаймыз.

Қалада жол жөндеу жұмыстары 80%-ға дейін аяқталған. Ал, Октябрь ауданында келесі айдың соңында 11 шақырым жол қолданысқа беріледі.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар