ЖОЛ САПАЛЫ ЖӨНДЕЛДІ

17:30, 15 қазан 2020

Жаңаарқа ауданына қарасты Мұқажан Жұмажан атындағы ауылдық округіндегі тұрғындарды толғандырған жол мәселесі шешімін тапты. Биыл аталған ауылдан аудан орталығына қатынайтын асфальтты жөндеуге «ҚазТрансОйл» АҚ қомақты қаржы бөлген. Соның нәтижесінде жергілікті қосалқы мердігер тасжолды сапалы етіп, қалыпқа келтірді

Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылға кіресберіс жол жұртты талай жыл бойы әбігерге салған еді. Толғақты мәселені ағымдағы жылы билік пен «ҚазТрансОйл» АҚ бірлесіп біржақты етті.

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

Қомақты қаржының арқасында 3 шақырым асфальт жөнделді. Тасжолға қосалқы жергілікті мердігер қиыршық таспен қатар 6 сантиметр жол жабынын төсеген. Небәрі санаулы уақыт арасында компания жоспарлы жұмысты сапалы жасағанын айтады, билік өкілдері. Ал, ауыл тұрғыны  Біржан Бошанов осы жолмен бұрын жүргенде діттеген жерімізге дер уақытында жете алмай қиналатынбыз дейді. Темір тұлпар тізгіншісі бүгінде ауданға теп-тегіс асфальтпен он минуттың арасында барып, жеңіл көлігімен зырылдап, заулап қатынап жүр.

Біржан БОШАНОВ, ауыл тұрғыны:

Жаңаарқалық мердігер жолдың сапасына екі жылға кепіл беріп отыр. Жолдың жөндеу жұмыстарын аудан әкімдігі мен арнайы комиссия қалт жібермей қадағалаған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар