АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫ

16:04, 6 қыркүйек 2019

Жезқазғанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевтың төрағалығымен жиын өтті. Мұнда аймақ басшысының орынбасары жол жөндеу жұмыстарның жүзеге асырылу барысын талқылап, олқылықтарды жою жөнінде тапсырмалар берді. Аталған бас қосуға «Қазақмыс» корпорациясының даму жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев қатысты

Биыл Жезқазған-Ұлытау арасындағы, сондай-ақ республикалық және жергілікті жолдарды жөндеуге ел қазынасынан 5,3 млрд теңге қаржы бөлінген.Қазіргі кезде мысты шахардың 27 шақырымдық жолы жөнделуде.Бұл мақсатқа 1 млрд 89 млн теңге жұмсалған.

Әскербек ХАЛТОНОВ, облыстық  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

-Қазір қаладағы 9 шақырымдық айналма жол жөнделіп жатыр.Мұның сыртында 13 көшенің жолы жаңартылуда. Оған шахар бюджетінен 672 млн теңге бөлінді.

Әйткенмен, қаладағы Панфилов жәнеМомышұлы көшелерінде жөндеу кешеуілдеп отыр.Бұл жұмысқа жауапты мердігерлер мен шахар басшылары оның себебін  былайша түсіндірді:

Аманғали МҰХАМБЕДИН, Жезқазған қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

-Ұзындығы 700 шақырымды құрайтын су келетін жүйелер орнатылған жолдар бар.Келісім шарт мерзімінде көрсетілгендей ,бұл аймақты қыркүйектің 30 на дейін аяқталуы тиіс.Жұмыс  15 күнге кешіктірілуі мүмкін. Бірақ,қосымша жұмысшылар тарту арқылы кепілдік мезіліне сай бітіреміз деген үміттеміз.

Жиында республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі де баяндалды. Облыс басшысының тапсырмасына орай, 2017 жылдан бастап  ұзындығы 511 шақырымды құрайтын республикалық маңызды жолдарға орташа және күрделі өңдеу жүргізілді. Бұл жұмыс, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау аудандарын да қамтып өтті. Айта кеткен жөн, биыл Жезқазған-Қызылорда бағытындағы 14 шақырым көлік жолы орташа деңгейде қалыпқа келтірілді. Қанаттас жатқан әрі көлік апаты жиі орын алатын Нұртай-Жезқазған аралығындағы 20 шақырым жол толық жөнделді. Қос шахардың арасына қоршау орнату жоспары келесі жылы іске асады.Облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға  бұл міндетті кешіктірмеуді тапсырды.

Қанат ШАЙМИН, «ҚазАвто жол» АҚ директорының орынбасары:

-Нұр-Сұлтан қаласындағы аво көлік комитетіне ұсыныс жібердік. Қажетті қаржы бөлінсе, жыл аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз.

Жезқазғандағы қала ішіндегі жолдың ұзындығы 213 шақырымды құрайды. Өкінішке орай, оның 21 пайызының сапасы көңілден шығады. Алдағы жылдарға жоспарланған жол-құрылыс жұмыстары толық аяқталғанда ғана шахардың инфрақұрылымы жақсарады. Жөндеу жұмыстарын облыс,қала әкімдіктері бақылауда ұстап отыр.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар