ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА МАМАНДАР ТАПШЫ

15:09, 26 ақпан 2020

Облысымызда жол саласы мамандарына деген сұраныс артқан. Бұл өңірдегі құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруімен байланысты

Мәселен облыс бойынша  автомобиль жолдары саласындағы биылғы бюджет 176 миллиард теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Жұмыс ауқымы кеңейген сайын мамандар тапшылығы сезілуде. Әсіресе инженер-сметашы, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсеушілер, автогрейдерлер, механизаторлар жетіспейді.  Осы орайда «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының қызметкерлері жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, жол мамандықтарын таңдауға  шақыру шараларын жүргізуде. Мекеме мамандары Қарағанды көлік технологиялық колледжінің студенттерімен кездесіп жол саласына қатысты пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.

Жомарт БАЙДІЛДӘ, колледж студенті:

-Бізге көптеген мамандықтары бар екенін айтып, қажеті ақпараттарды айтты. Өз жұмыстарын түсіндірді. Сол мамандықтар бйоынша көп гранттар бөлінгенін айтты. Маған да өте қызық болды. Осы Астана, Алматы жолдары, болашақ жол құрылыстары жөнінде айтылды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар