ЖОЛ БЕЛГІСІ ҚАШАН ҚОЙЫЛАДЫ?

13:23, 16 мамыр 2019

Майқұдықтағы 17-ықшам ауданының 53-үйдің маңына көлік көп қатынайды.Осы жолға жаяу жүргіншілер белгісі не бағдаршам орнатылмаған.Аталған мәселеге байланысты дабыл көтерген бір топ тұрғындар біздің телеарнаға көмек сұрап келді

Руслан ҚАНАТ, тұрғын:

 -Көп машина жүреді. Тез жүреді. Белгі жоқ адамдар өтетін. Зебра сызығын жазып қойса.

17-ықшам ауданындағы 53-үймен өтетін  көшеге жаяу жүргінші сызығын орнату  осындағы ойын балаларының арманына айналған . Көліктер ағылып жатқан  жолдан өтудің өзі азап -дейді тұрғындар. Айтуларынша, темір тұлпар тізгіндеушілер арнайы жолдан өтетін белгі болмағандықтан, тіпті оң – солына қарамайды.

Ақмарал ҚУАНЫШОВА, тұрғын:

-Өзімізде жүгіріп өтеміз. Машиналар тоқтамайды. Машиналар келе жатса, жүгіріп өтеміз.

Нұргүл АЛТЫНОВА, тұрғын:

-Негізі белгі керек. Өйткені -машиналардың көбісі тоқтамайды. Үлкен кісі демейді, кіші демейді қарамайды. Пакеттермен ұшып жүгіресін.

Арнайы белгіге сұраныс білдірген тұрғындарды бірі - Дархан Жолжанов. Осы кісі о баста  біздің телеарнаға хабарласып шағым түсірген еді Екі жылдан бері көлік саны артып, жолдан өту мүмкіндігі қиындап кетті -дейді ол.

Дархан ЖОЛЖАНОВ, тұрғын:

-Өту қиын болып тұр халыққа. Өткен машиналар жолды қадағаламай, адамды қағып кетуі мүмкін. Бұндай оқиғалар болған. Халықтың мұңы ескеріліп, жол салынса. Жол полициясындағы шенеуніктер сіздерден сұрайтыным – жаяу жүргіншілер белгісі, тым болмаса,бағдаршам орнатуларыңызды сұраймын.

Бағдаршам орнату қала әкімшілігіне қиынға соғуы мүмкін. Алайда, жолақ сызықты сызып, белгі орнату –орынды талап. Аталған мәселенің шешімін анықтау барысында калалық коммуналдық шарушылық бөлімінің басшысына жолықтық.

Ескендір ҚАБИДОЛЛА, Қарағанды қаласы коммуналдық шаруашылығы , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы:

-Бұл жерді біз білеміз. Жол полициясымен бірігіп қолға алатын жұмыс. Ол жерге жаяу жүргінші жүретін жолақ орнатамыз. Белгі де  болады. Бірақ алдымен, бала- бақша, мектеп алдындағы жолақтарды жөнге келтіріп алуымыз керек. Жоспар бойынша  маусым айында орнатамыз.

Билік  уәдесін берді. Қырқына шыдаған тұрғындарға  енді қырық біріне шыдауға тура келеді.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар