ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ҚОЙЫЛАДЫ

16:46, 20 тамыз 2019

Қыркүйек айына дейін Қазыбек би ауданындағы 100 аулаға «тұрғын үй ауласына кіру белгісі» қойылады. Осылайша халықтың қауіпсіздігін қолға алу шаралары күшейтілмек

Бұл белгінің талабы бойынша үй ауласына кіргенде сигнал дыбыстарын шығаруға,  әуенді шамадан тыс қатты қоюға, көлік қозғалтқышын қосып қалдырып кетуге тиым салынады. Сондай-ақ, белгінің талабына сай, көлік жүретін жолда жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі. Сондықтан жолаушыларға да жүргізушілерге де абай болған абзал.Тәртіп бұзушыларға  3 тен 5 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Автоинспекторлар бұрын осындай  белгі болмағанда тұрғындар шағымын орындауға кедергі болды-дейді.

Мейірхан ТӨЛЕУОВ, МАИ қызметінің аға инспекторы:

-Бұрын тұрғындардан қаншама шағым келіп түседі. Біз келеміз бірақ белгі болмағандықтан ешқандай әкімшілік жаза қолдана алмадық. Енді бұл бағытта жұмыс істей бастаймыз.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар