ЖОЛ АЗАБЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

13:00, 30 шілде 2020

Қарағанды облысында кезінде қолданысқа беріліп, бүгінгі күні талай ақаулары анықталған жолдар жетерлік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен жол активтерінің ұлттық сапа орталығының сарапшылары сапасыз салынған жол учаскелерін тексерді

Жол азабын жүрген білер.  Бұл  Бұхар-жырау ауданындағы   маңызды жол.  Ағымдық жөндеуден өтіп, қолданысқа берілгеніне аз уақыт болсада бұл жол учаскесінде ақаулар жеткілікті.   Тапсырысты орындаушы тараптың пікірінше, бұл олқылық жол бойында ауыр техника салдарынан болған көрінеді..  Мердігер ұйым тамыз айының соңына дейін кемшілікті қалпына келтіруге уәде етті.

Асылхан САЛЫҚОВ, «Казахавтодор» ЖШС №45 ЖЭУ бастығы:

-Жолдардың осындай күйге түсуіне біріншіден ауыр жүк көліктері себеп болуда. Инертті  материалдарды шамадан тыс артып алады.  Жолдағы кемшілікті қалпына келтіру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. тапсырыс берушімен келісе отырып, осы айда  500 шаршы аумақ жөнделеді.

Мониторнигтік топ мүшелері  «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» бағытындағы республикалық маңыздағы тас жолға да тексеріс жүргізді. Үш жылға есептелген орташа жөндеу жұмыстарының кепілдік мерзімі аяқталған.  Бірақ атқарылған жұмыстар сын көтермейді.  Сала мамандарының айтуынша жол арқылы 24 тоннадан асатын жүк көліктеріне рұқсат етілмеуі тиіс. Өкінішке орай  қазір мұнда   40 тонналық  көліктеріңіз  еш кедергісіз жүруде. 

Азамат СЕРІКХАН, тілші:

-Бұл Қарағанды -Аягөз бағытындағы  республикалық маңызға ие жол.Осыдан үш жыл бұрын мұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кепілдік мерзімі аяқталған. Алайда  қазіргі сыйқы мынау, жол ойдым-ойдым болып үгітіліп кеткен.

Бұл -«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» көлік дәлізінің 10 шақырымдық учаскесі. Аталған жол уческесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары аталған аумақтағы жұмыс барысымен де танысты.

Олжас БҰРХАНОВ,  «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі:

-  Облыста Сарыарқа адалдық алаңы жобалық кеңсесі жұмыс істеп жатыр.  Осы жобалық кеңсенің бағыттарының бірі ол сапалы жол бағыты.  Оның аясында ұлттық  сапа орталығымен бірлесіп жәнеде қоғамдық өкілдермен арнайы мониторнигтік топ бар.  Жол сапасына мониторнг жасап жүрміз.

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара бағытындағы күре жол -жүргізушілердің де, жолаушылардың да жүйкесін тоздырып біткен.   Арнайы топ мүшелері республикалық маңызға ие жол учаскесіндегі жағдайды бақылау үшін арнайы ат басын бұрды. Кепілдік мерзімі аяқталған жолда, бүгінгі күні  29 шақырымға ағымдық  жөндеу жұмыстары басталып кеткен.   Мұнда негізгі нығайту әдісімен қиыршық тастар төселіп, жол жабынын қайта қалпына келтіріп жатыр.  Күре жолдарды қалпына келтіру міндеті  «Казахавтодор» ЖШС еншісінде.   Аталған межелі міндеттерді ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.  

 Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар