ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

17:27, 14 ақпан 2020

Қарағанды – Нұр – Сұлтан бағытындағы күре жолда, авто көлік оқиғалары тіркелді. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс жағдай тас жолдың бірден бірнеше бөлігінде орын алған. Зардап шеккендер бар

13 ақпан күні, шамамен күндізгі сағат үш жарымдарда  «Қарағанды-Осакаров» тас жолында 14 көлік қақтығысқан. Айтып келмейтін апат салдары қазір анықталуда. Абырой болғанда, бұл жолы адам шығыны мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Дәл осы күні қызыл іңірде елордаға бағытталған тағы 8 көлік қақтығысты. Ауа – райының қолайсыздығы жүргізушілердің көру мүмкіндігін шектеп, олардың жаппай тізгінге ие бола алмауына алып келген. Жол көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам жақын маңдағы аурухана жеткізіліп, 1986 жылы туылған Нұр – сұлтан қаласының тұрғыны бүгін түнде жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Сонымен қатар, бүгін сағат 10:20 - да Ошағанды ауылының маңында "Foton" автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай, бірнеше көлікпен соғылды. ЖКО салдарынан "Foton" автокөлігінің жүргізушісі мен оның 30 жасар жолаушысы ауыр жарақаттан оқиға орнында өмірімен қоштасты.

Жанатай СЕМБЕКОВ,  облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Қазіргі таңда тіркелген жол апаттары аясында қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар