ЖОЛ АПАТЫ

17:34, 11 қыркүйек 2019

Қарағанды – Үштөбе тасжолында автобус пен жеңіл көлік қақтығысып, жол апаты салдарынан 1998 жылы туылған азамат оқиға орынында жан тапсырды

Жол оқиғасы бүгін таңғы сағат 6 жарым шамасында орын алған. «ВАЗ 2115» маркалы көлік иесі ауыр жарақат алып, жедел – жәрдем жетпей қаза болған. Алдын ала деректер бойынша, 21 жасар  жүргізуші көлік  дұрыс игере алмай қалған. Автобус тізгінін ұстаған  азамат дін – аман.Ал, 64 жасар автобус кондукторы басынан жарақат алып, Мақажанов атындағы медициналық орталыққа шұғыл жеткізілген. Қазіргі таңда оған көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді. Жол апаты кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Жанатай СЕМБЕКОВ, ПД Баспасөз қызметінің басшысы:

-Полицияда қылмыстық іс - тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән - жайы анықталуда.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар