ЖЕЗҚАЗҒАНДЫ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

17:06, 13 ақпан 2020

Жаңа инвестициялық жобалар, тұрғын-үйлер салу, бизнесті дамыту және су жүйелерін жанарту қажет. Бұл өзекті мәселелер – Жезқазған қаласын дамыту бойынша өткен орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім болды

Жез қалада жеке инвестиция тарту қарқын алған. Осы жылы 200 ден астам инвестициялық жобалар жүзеге аспақ. Құны 18 милиард теңге болатын 4 зауыттың құрылысы басталмақ. Егер іске қосылған жағдайда 350 жаңа жұмыс орны пайда болады деген сөз.

 Қайрат БЕГІМОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-Бұл жобалар гидрометаллургиялық мыс қорытпаларын қайта өндеуге мол мүмкіндік береді.Химиялық зауыттың және биолекторостансалардың құрылысы қолға алынбақ.Жалпы 2020 жылы тартылатын инвестиция көлемі 32 миллиард теңгеге жетпек.

Мысты шаһарда азық-түлік бағасының тұрақты болуы басты назарда. Осы жылы 10 шағын маркет ашылмақ. Бағалары қол жетімді болады.

Қайрат БЕГІМОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-«Қазақмыс» корпорациясының қолдауы нәтижесінде Кеңгір ауылы аумағында бау-бақша салу үшін жер бөлінбек.Бұл өз кезегінде көкөністің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.Жерге деген сұраныс арта түскен.Картоптың көлемі 2мыңнан 3мың тоннаға дейін ұлғаяды.Бұл картопқа деген сұранысты шешуге мүмкіндік береді.

Жезқазғандағы өзекті мәселенің бірі - ауыз су. Халыққап сапалы тіршілік нәрін беру - жоспарда бар.

Қайрат БЕГІМОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-Осы тұрғыда «Қазақмыс» корпорациясы Кеңгір су қоймасын салып, бермек.Бұл, Үйтас-Айдос су айдау құбырынан алынбақ.Осы жұмыстар ағымдағы  жылдың мамыр айында аяқталмақ.

Брифинг барысында Жезқазған қаласының әкімі журналистер қойған сан-салалы сұрақтарына нақты  жауаптар қайтарды. Сондай-ақ, осы жылы мысты шаһарды жарықтандыру мәселесі аңағұрлым жақсармақ. 4 көшенің жолдары жөнделіп, экология мәселесін шешу үшін біраз жұмыстар жүзеге аспақ. Қаланы жасыл желекке бөлеп, көгалдандыру мәселесі де өз шешімін табады -деп, күтілуде.

Сейітқали ӘШІМ, Қайрат ӘЛИЕВ, Роман КОПЫЛОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар