ЖЕЗҚАЗҒАН. ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

18:34, 9 мамыр 2019

Ұлы жеңіс күнін Жезқазған қаласының тұрғындары өз мәнінде мерекеледі.Батыр бабалардың ерен ерлігі тетрландырылған қойылыммен сахналанды.Жергілікті өнерпаздар ардагер назарына көңілді бағдарламалар ұсынды

Жезқазған қаласындағы мерекелер шаралардың шымылдығы«Ұлы жеңіске құрмет» атты театрландырылған қойылыммен түрілді.Жүздеген өнерпаз майдан даласындағы  ерлердің  ерен ерлігі мен өшпес өнегесін  сахнада әсерлі сомдады.

Алаш алаңында Жезқазған мысқорыту зауыты, байыту фабрикасы мен көлік және бизнес колледжі  ардагерлердің құрметіне ақшаңқаң киіз үй тікті. Сонымен қатар   ардагерлер  дала асханасында солдат  ботқасынан дәм татты.

Қайрат БЕГІМОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-Жеңіс күнін жақындатқан ерлеріміздің ерлігін ұмытпаймыз. Бүгінгі бейбіт күн үшін оларға шексіз алғыс айтамыз.

Ардагерлердің естелігі жас ұрпаққа ой салды. Мазмұнды  мерекелік шара жастардың салтанатты шеруімен түйінделді. Бүгінгі бейбіт заман –   екінші дүниежүзілк соғыс батырларының  ерлік-қайсарылығының жемісі .

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар