Жезқазған қаласында биыл инвесторлар форумы өткізіледі

12:21, 14 қараша 2017

Облыс әкімі Ерлан Қошанов алыс, жақын шетелден тартылған қаржы көзі Жезқазғанның дамуына сеп боларына сенімді. Қала активімен өткен жиналыста аймақ басшысы Жезқазғанның үш жылдық даму жоспарын талқыға салды

Инвестициялық форум арқылы Жезқазған өңіріне қаржы көзі тартылары сөзсіз. Қала активімен өткен жиналыста  облыс әкімі форумға дайындық барысын сұрап білді. Ауқымды шараны  кең көлемде өткізу үшін  әзірлікті  ерте пысықтау керек деп атап өтті аймақ жетекшісі.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Кіші кәсіпорындар құру керек. Бұл Жезқазғанға екінші өмір сыйлайды. Әрине ол үшін инвесторларды тарту қажет. Үлгермей жатсаңыздар көп жұмыс істеу керек. Ауқымды шараға тыңғылықты дайындалыңыздар. Керек болса, инвестфорумды бір айға кешірек өткізейік.

Жезқазған өңірінің үш жылдық даму жоспары да талдап таразыланды. Ерлан Қошанов кәсіпкерлікті дамытуға байланысты бірқатар ескертулер жасады.Қаланың дамуына Республика Ұлттық қордан  субсидияға қосымша қаражат бөліпті. Алайда Жезқазғанда тек бір ғана жоба іске қосылған.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Сіздерге  бұл қаражат ел қазынасынан бөлінді. Алайда еш нәтиже жоқ. Ұлттық қордан, облыстық әкімдікте, ел қазынасынан бөлінген қаражатты игере алмай отырсыздар! Бұл қаланың дамуына кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар аймақ басшысы  Жезқазған қаласында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен «Азаматтық бастама күнін» өткізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.  Ал, баспана құрылысы қаланың күрделі мәселесіне айналып отыр. Себебі, соңғы он жылда мұнда  бірде-бір көпқабатты тұрғын үй салынбаған.  

Батырлан АХМЕТОВ Жезқазған қаласының әкімі

Ерлан Жақанұлы, соңғы салынатын үйлер 60 және 90 пәтерлі болады. Және де  жаңа құрылыс жұмыстарын бастау үшін сметалық құжаттарды әзірлеп қойдық.

Жезқазған қаласының үш жылдық даму жоспарына жалпы құны  75 миллиардтан астам 452 жоба кіреді. Жыл басынан бері 80 іс-шара ұйымдастырылған. Енді қалған 11 миллиард теңгені игеру жұмыстары қалыпты.   

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...