ЖЕТІСТІКТЕР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

15:02, 11 ақпан 2019

Бұқар жырау ауданы ауылшарушылығы құрылымдары мен ірі мекеме-кәсіпорындар жұмыскерлер жалақысын 10, ал, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің айлығын 30 пайызға дейін көтеру жөніндемеморандумға қол қойылған

Нәтижесінде 1400 адамның жалақысы сатылап өскен.Аудандағы осы және басқа да атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалиновтің арнайы халықпен  есепті кездесуінде айтылды.Тақырыпты тілшіміз Сейітқали Әшім толықтырады 

Бұқар жырау ауданының толайым табыстарына тоқталсақ,өндіріс көлемі «смарт» кешен жобасы бойынша өткен жылы 45,3 млрд теңгені құрап, аймақ бойынша 3 орынға табан тіреген.Оң динамика «Сары-Арқа» экономикалық аймағында да байқалады. Оның құрамына кіретін 7 кәсіпорынның қарыштап дамуы мемлекет көрсетіп отырған қамқорлықтың арқасында   жүзеге асқан. Ал, «Бемер Арматура» кәсіпорнындағы шарлы бекітпе мұнараларын шығарудағыөнім көлемі 20 пайызға артқан.Ірі көмір өндірісі мен айналысатын «Сәт көмір»өндіріс көлемін 570 мың тоннаға жеткізіп,150мың тоннасын  Белоруссияға экспортқа жөнелткен.Незігі капиталға нивестиция құю 23 миллиард теңгеге жетіпті.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі

-Өткен жыл еліміз үшін тарихи маңызды оқиғаларға толы жыл болды.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Бес әлеуметтік» бастамасы атты халыққа Үндеуі және Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі,табыс пен тұрмыс сапасын арттыру «Жолдауы зор қолдауға ие болды.

Ал, ауылшаруашылығы саласын дамытуда да айтарлықтай табыстар бар көрінеді.Өткен жылы 41,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп,жоспар 104 пайызға артығымен орындалған. Агро өнеркәсіп өнімін өндіру бойынша  баба есімімен аталатын аудан көш бастап тұрғаны да айтылды.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі

-Аудан бойынша, қыруар жұмыстар атқарылды. Өткен жылды жоғары табыстармен аяқтадық. Әлеуметтік саланың жұмысы да дұрыс жолға қойылды.Алдағы жылға жоспарларымыз ауқымды.

Бұқар жырау ауданы әкімінің халық пен есепті кездесуінде атқарылған жұмыстармен қоса, қордаланған мәселелерде талқыланды.Әкімге сұрақ жолдаушылар Үштөбе ауылында мүгедектерге арналған «инвотаксидің» жоқтығы мен электр жарығының мардымсыздығын, «Импульс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі құрылысқа қажетті сусыған құм дайындайтын  кеніштен келетін мәселені  көтерді. Атап айтар болсақ,Ғабиден Мұстафин кентіндегі тұрғындарға көктемде тұтастай су басып қалу қаупін туындатады екен.

Мереке МАКАРОВ, Ғабиден МҰСТАФИН кентінің тұрғыны, ардагер ұстаз

-«Импульс» ЖШС-і кентке аса бір қиындықтар әкеліп отыр.Олар,кенішті жылда қазып, одан пайда табу мақсатында шұңқыр тереңдеп барады.Орны бітелмейді.Қанша айтқанымызбен жұмысын тоқтата алмай отырмыз

Төкен Арбабаев 20 жылға жуық аудандық ардагерлер Кеңесін басқарып келеді.Көнекөз қарияның ауданның қарыштап дамуы көз алдында.Бұл жолғы  әкімнің халықпен есепті кездесуіне   арнайы  қатысып,алған әсерімен былайша бөлісті.

Төкен АРБАБАЕВ, Бұқар жырау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

-Аудан әкімінің есебінен шықтық.Атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге көз жеткіздік.Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі өзгерістер бар екен

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Туған жер» идеясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылған. «Нұрлы жер» бағдарламасы да сәтті жүзеге асқан. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2107-21 жылдар аралығындағы қабылданған арнайы жобалары да өз жемісі мен нәтижесін беруде екен. Бір сөзбен айтқанда, ауданның екі кенттік және 27 селолық округтеріндегі 67 елді-мекеніндегі 57мың халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға бағытталған ілкімді бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.

Сейітқали ӘШІМ

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...