ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

15:44, 20 қараша 2020

Қарағандылық «Сарыарқа» екі бірдей ойында жеңіске жетті. Сырт алаңда Көкшетаудың «Арланына» қарсы ойында арландықтардың жеңіске деген құлшынысы жоғары болған. Алайда, «Сарыарқаның» мысы басып 2:1 есебімен алдыға шықты. Екінші ойын көрермендер тарапынан зор қызығушылық тудырды. Ал, шешуші сәтте, яғни үшінші кезеңде жерлестеріміз ойынның нүктесін қойды. Александр Борисевичтің қақпаға соққан голы қарағандылықтарға жеңіс сыйлады

Владислав НИКУЛИН, «Сарыарқа» ХК шабуылшысы:

-  Екінші кезеңде өзімізді қолға алып, матч барысын өзгерте алғанымыз керемет болды.

Эдгарс СИКСНА, «Сарыарқа» ХК қорғаушысы:

- Бұл лигада осындай маңызды қарсыласқа қарсы ойнағанымыз жақсы. Саня Борисевич Қарағандыны құтқарды. Жеңіс құтты болсын.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар