ЖЕРЛЕСТЕР ҚҰРМЕТІ

17:31, 11 шілде 2018

Қазақстанның оқу ағарту ісінің үздігі, қарағандылық ақын Мәпіш Шәріпқызына туған жері – Павлодар облысындағы Баянауыл аудандық мәслихатының шешімімен осы ауданның құрметті азаматы атағы берілді. Осы орайда 90 жасқа толар шағында туған жеріне келген абыз ананы жерлестері құшақ жая қарсы алып, ақынның өлең-жырларынан өрілген тағлымды да танымдық кеш өткізді

Мәпіш Шәріпқызы халық үшін оқу ағарту ісінің мәңгілік үздігі, тоқсанның төріне шығатын ұлағатты ұстаздың мыңдаған шәкірттері әлі күнге мұғалім алдында тағзым етіп, иіліп тұрады. Алдымен, көпшілікке мерейтой иесінің «Жапырақ ғұмыр сыбдыры» кітабындағы  жырлардан шашу шашылды. Сонымен қатар,  «Ой өрнек», «Ай сәулесіндегі» жыр баспаларының құндылықтарын жиылған қауым зор ықыласпен қабылдады.

Мәпіш ШӘРІПОВА,  оқу-ағарту ісінің үздігі:

-Беріп жатқан атақтарыңызға көптен көп рахмет айналайындар. Баян жері қашанда өркендей берсін. Әрдайым алдан көріне берейік.

Мәпіш Шәріпқызының танымдық-тағлымдық  кешіне арнайы қатысқан  Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі Оразкелді Қайыргелдинов мерейтой иесіне «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.

Әдеби кеште әсіресе жастар жағы бірінен кейін бірі жерлес апаларының  жырын оқып, көптің қошеметіне бөленді.  Кеш  иесіне елімізідң әр өңірінен келген үзеңгілестері, достары да ақ тілектерін жаудырды.

Зекебай СОЛТАНБАЕВ,  М.Шәріпованың замандасы:

-Апайымыз әрдайым жан жақты. Жолдасыңыз батырға арнаған кітапты оқып шықтым түгелімен керемет. Әрқашан осылай жүре беріңіз.

Айта кету керек, ақын апамыз Мәпіш Шәріпқызы отағасы,  қоғам және  мемлекет қайраткері Талғатбек Әбдіразақовтың  көзі тірісінде жарық көрмеген еңбектерін жинақтап,  «Қыран ғұмыр» атты  кітапты да оқырманға тарту еткен болатын. Ақын, ұстаздың баянауылдық жерлестері бастап кеткен 90 жылдық тойын атап өту жағынан Мәпіш Шәріпқызы саналы ғұмырының  70 жылын арнаған Қарағанды да қалыс қала қоймас деген үміттеміз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...