ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

15:00, 3 шілде 2020

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Талантты, дарынды, білімді жастарды іріктеген сайысқа өтінімдер қабылдау 2 ай бұрын басталған болатын. Бұл байқауда жерлесіміз жеңімпаз атанып отыр

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде басталған байқауға еліміздің күллі аймағынан 50-ден астам білімді жастар қатысқан. Зияткер, білім мен ғылымға ден қойған жастардың еңбегін профессор Бүркітбай Ерманұлы, Жандарбек Мәлібеков секілді белгілі тұлғалар бағалаған. Жастайынан білімге зерек, өнерге жақын студент Ақмаржан Қамиева  профессор Қойлыбай Асановтың жетекшілігімен аталмыш байқауға қатысқан еді. Нәтижесінде, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті, жерлесіміз Ақмаржан   «Алтын кітап» республикалық байқауында жеңімпаз атанып отыр. Шараны ұйымдастырушы тарап    «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшылығы оған «Дарынды жастар -2020» төсбелігісін табыстады.

Ақмаржан ҚАМИЕВА, «Дарынды жастар -2020» төсбелігісінің иегері:

-Бұл жеңісімді Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетіне арнаймын. Бұл киелі білім ордасының маған беріп жатқан терең білімінің арқасында келген жеңіс. Әрі қарай да білімімді ұштап, елге қызмет ететін білікті маман болу үшін ізденісті жалғастыра түспепкпін.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар