Жергілікті кәсіпкерлердің дамуына еш кедергі жоқ

Тіпті, шағын және орта бизнестің өркен жаюына қыруар қаржы бөлетін мемлекетіміз, өзара әріптестік орнатылуына да басымдық танытып отыр. Теміртау қаласында өткен форум аясында жасалған меморандум сол жұмыстардың бір айғағы

16:40, 16 наурыз 2017   100

Теміртау форумы -жетістіктерді тізбектеп, үздіктерді анықтаудың бір жолы. Ал,  «Қазақстанда жасалған» деген маркамен шыққан тауарлардың кеңінен тұтынылуын мемлекет қолдауға дайын.  Себебі отандық өндірісті дамыту қажеттігін билік көптен бері міндеттеп келеді.

Марғұлан КӘРІБЕКОВ   Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Бүгінгі таңда біз көңіл көншітерлік көрсеткішке ие болып отырмыз.  16-шы жылдың соңында облыс жүйеқұраушы кәсіпорындары 483 млрд теңгеге сатып алу жасады.Оның ішінде қазақстандық үлес 342 млрд.тг жеткен.

Форумда жүзедеген  жергілікті бизнес өкілдері осы салада кездесетін өзекті мәселелерді  назардан тыс қалдырмады. Қарағанды облысы басшылары мен «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны арасындағы меморандум 52 жарым млрд. теңге көлемін қамтыды. Ендігі мақсат - өнім мен өндірісті жетілдіру.

Андрей БЛЕЙХ    «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ-ның бағдарлама менеджері

Меморандум 34 кәсіпорынды қамтыды. Бұл барлық міндетті толықтай орындап, табылады, сауалнаманы толтырғандар. Нақты жүйелі жоспарға көшкендер десекте болады.

Алпауыт кәсіпорынның жергілікті билік өкілдерімен тығыз байланыс орнатуы - отандық өндірісті дамытуға серпін береді -дейді орта және шағын бизнес өкілдері. 

Николай ЯКУБ      кәсіпкер

Бізге назар аударушылар көбейді. Шетелдік компаниялар болсын тиімді тұстарын іздестіретіні сөзсіз. Ал, меморандум келісілген әр бастаманы тиімді жүзеге асыруға толықтай кепіл екен анық.

Айта кету керек, облыс басшылығы тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін осындай шараларды алғаш өткізіп отырған жоқ. Осыған дейін жергілікті кәсіпкерлер ірі мұнай-газ компанияларымен екі жарым миллиард теңгенің 20-дан астам келісім-шартына қол қойып, әріптестік орнатқан болатын.  

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25