Жергілікті билік пен қоғамдық кеңес мүшелері Ұлыстың ұлы күнін нағыз халықтық мейрамға айналдыруды көздейді

19:24, 18 наурыз 2017

Бұл мәселе бұған дейін бірнеше мәрте алқалы кеңестерде талай талқыланған еді. Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері бұдан қандай нәтиже шыққанын назарға алды

Қоғамдық кеңес мүшелері мен Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары таңертеңнен бастап, орталық алаңға шықты. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская Наурыз мейрамын тойлауда кеншілер шаһарының қандай ұсыныстары қабылданғанын айтып берді. 

Биыл наурыз мейрамында орталық көше жолдары жабылмайтын болады. Киіз үйлер Бұқар жырау даңғылы бойындағы су бұрқақ алаңына және орталық саябаққа тігіледі. Жайылған дастарханнан кез-келген адам ас ауыз тие алады екен. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптейтін этноауыл жұмыс жасайды.

Қарағанды қаласы мерекені  19 наурыздан тойлай бастайды.   Бұл күні спорттық жарыстар өткізілмек. 20 наурызда Кеншілер мәдениет саарйында және «Тәуелсіздік» алаңында концерт ұйымдастырылады. 

Орталық алаңда барлығы 33 киіз үй, 29 палатка орнатылады.  Мейрам сағат  12-ден кешкі 5-ке дейін мерекеленбек.  Бұл аралықта «Достық үйі», «Жаңа Майқұдық» «Жастар» және «Теміржолшылар» мәдениет үйінде шаралар ұйымдастырылады. Билік өкілдері ұлттық мейрам биыл ерекше атап өткіледі деп уәде беріп отыр.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...