ЖЕР - ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

14:12, 10 шілде 2019

Приозреск қаласында жеке тұрғын үйлер саны артатын болады. Қазір шаһарда құрылыс үшін халыққа жер учаскілері беріліп жатыр. Биылдың өзінде 30 отбасының өтініші мақұлданып, баспана құрылысы басталып кетіпті. Жергілікті билік арнайы орындар дайындап, бұл игілікті бастаманы жандандыруда

Приозерск қаласының тұрғыны Гүлмира Райымова үй салу үшін былтыр тиісті жер учаскісін алған.  Төлеген сомасы  бар болғаны 12796 теңге.   Енді 5 бөлмелі баспанасының құрылысын бастауды көздейді. Қазір қажетті материалдарды сатып алып жатыр.

Гүлмира РАЙЫМОВА, Приозерск қаласының тұрғыны:  

-Үлкен асханасы болады. Балалардың өз бөлмесі жатын бөлме қонақ бөлмесі. Ауласын абаттандырамын.   Ағаштар талдар, жеміс ағаштарын отырғызғым келеді. Кішкене ойын алаңы болғанын қалаймыз. Бәрінен де балалар қуанышты.

Приозерск қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы мақсатында  421 адам өтініш жазған. Бірден  қалалық әкімдік шаһардағы Панфилов көшесінде  құрылысқа  жалпы көлемі 5 гектар жер телімін дайындады.   Электр желілері мен ауыз су құбырлары тартылып, инфроқұрылым жағы реттелген.    Нәтижесінде әр баспананың сызбасы дайындалып,  30 адамға жер учаскісі берілді.

Серікбай БҰҚПАНТАЕВ, жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

-Кезекке қойылады. Бірінші жеке тұрғын үйі бар ма жоқ па сол қаралады. ЦОН арқылы Қазақстан Республикасының ережесіне сәйкес алдын алаберілген бар жоғы туралы мәлімет алғаннан кейін барып жер учаскісінің тізіміне қойылады. ҚР 50 бабы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін қазақстан азаматтарына 1000 учаскісі тегін беріледі.

Негізгі талап бойынша әр азамат жер учаскісін  алдымен  жалға алады. 3 жылдың ішінде тұрғын үй салынып бітуі  керек. Қолданысқа енгізілгеннен кейін жергілікті  әкімдік қайтарымсыз ақысыз  бір жолата жеке меншік игілігіне береді.  Ал діттеген уақытта үй салынып білтпесе, жер учаскісі қайтарылады. Келешекте Приозерск қаласының әкімідігі  тұрғын үй құрылысы үшін Транспортная және Тәуелсіздік көшелерінен де орындар дайындамақшы.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар