ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

13:38, 8 қараша 2019

Жыл сайын өтетін Қазакстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» шығармашылық байқайуы өз жеңімпазын анықтады. Достық үйінде өткен додада үздік деп танылған қаламдары қарымды журналистер түрлі номинация бойынша марапатталды. Жүлдегерлердің қатарында біздің телеарна тілшісі де бар

Биылғы байқауда номинация қатары онға дейін көбейіпті. « Жастар жылы – даңғыл жол», «Қазақтану» – мәдени – ағартылушылық жобасын насихаттауға арналған номинациялар қосылған. Бұл байқауға өңіріміздің 30-дан аса жуналистері өз материалдарын жіберіпті. Алайда, қазылар алқасының таңдауымен, тек оның  11 материалы ғана үздік деп танылған.

Сағат БАТЫРХАНОВА, қазылар алқасының төрайымы:

-Зерттеу материалдар, сараптамалық материалдар. Ұлы даланың жеті қыры емес, жетпіс қыры бар деп айтуға болады. Осы қырларды ашып көрсетіп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білетін, зерттеген, өткен тарихпенен бүгінгі күнді сабақтастырған материалдарға көбірек мән беріледі.

Ұлтаралық байланысты нығайту және қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытуда Ассамблея қызметі - әрдайым тілшілердің назарында. Сондықтан, жасалған жұмысты бағалап, үздіктерді айқындау қиынға соққаны анық. Осы орайда,  жүзден жүйрік атанған облыстық «Сарыарқа» телеарнасының тілшісі Жанбота Рахметоллаұлының «Қазақтану» – мәдени – ағартылушылық жобасын насихаттауға арналған материалы үздік деп танылып, қазылар алқасының көңілінен шықты.

Ал, осы байқаудың арқасында этножурналистиканың қоғамдағы маңыздылығын арттырып, қалам термеп жүргендер де жетерлік. Соның бірі «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі  Ғалым ҚАСЫМХАН

Ғалым ҚАСЫМХАН, байқау  жеңімпазы:

-Әр түрлі мақала тапсырдық. Осы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім тарапынан ұйымдастыратын әр түрлі шараларды насихаттау, оларды жария етугазет бетіне. Сосын ізденіп, зерттеп жазған тарихи – танысдық, рухани бағыты бар мақалаларды өткіздік.

Этножурналистиканың мәртебесін осылай көтеріп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы, келер жылы бұл байқауды республикалық деңгейде өткізбек.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар