ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҚ ОЯТТЫ

15:18, 11 ақпан 2020

Ресейлік әдісті алғашқы рет Қазақстан, оның ішінде Қарағанды облысы бірініші болып қолданды. Нөмірі 39 гимназиясының ұстаздары орыс тілінде мәнерлеп оқу сайысын қаламызда өткізіп отыр

Ресей мемлекетінде бұл байқауға 170 қаланың оқушылары  қатысады екен. Ал, Қарағанды қаласында 45 мектеп атсалысты. Сайыста оқушылар орыс тілінде және шет тіліндегі шығармаларды  мәнерлеп оқып беруі шарт. Әділ қазылар алқасы алғашқы өткен сайысқа оң бағасын беріп үлгерді.

Гүлшат БАХРАМОВА, қалалық білім бөлімінің меңгерушісі:

-Бүгін сондай керемет балалардың арасында жақсы мотвация беретін, балалардың білім деңгейін, оқу мәнерін, балалардың театрланған білітіліктерін танытатын байқау өтті. Өйткені,мәтінді бірден оқу, оны дауыс ырғағымен әдемілеп, мәнерлеп оқу деген ол да оқу сауаттылығын қажет ететін жұмыс.

Нөмірі  39  гимназиясының орыс тілі мұғалімі Бақыт Ақбаева бұл тәжірибені ресейлік әріптестерінен алмасуды жөн санап, жыл сайын дәстүрлі түрде өтсін деген ниет те білдірген. Әзірге қалалық білім бөлімі мамандары ұстаздардың ұсынысын қолдап отыр.

Гүлшат БАХРАМОВА, қалалық білім бөлімінің меңгерушісі:

-Өзіміздің мұғалімдеріміздің  әр түрлі деңгейге шыға алатын, яғни кәсіби біліктіктері көрестететін жұмыс. Өйткені, бұл мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесін басқалармен алмасу арқылы оқушылармен белсенді жұмыс формасын көрсетіп отыр.

45 мектеп оқушыларының ішінен суырылып шыққан 13 оқушы финалға жол алды. Ал, чемпионат атанған нөмірі 57 лицейдің оқушысы Дансу Оспан атанды. Қазақ сыныбында оқитын Дансуға орыс және шет тілді шығармаларын мәнерлеп оқу ешқиындыққа соқпапты.

Дансу ОСПАН, жеңімпаз:

-Мен негізі аса көп дайындалған жоқпын. Оқуды жақсы көремін, сүйемін. Және де осындай іс-шара біздің қаламызда әрі қарай өте береді деп үміттенемін.

Алғашқы рет бастау алған жоба енді жыл сайынғы дәстүрге айналса деген ұстаздардың тілегі басым. Аталған сайыстың мақсаты – кітап оқуға өшіп бара жатқан ынтаны қайта жандандыру.

Айман САҒАТАЙ, Рустам БЕКОВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар