ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

17:52, 7 қараша 2018

Облысымызда 12-80 жас аралығындағы спортшыларды қамтыған жазғы президенттік көпсайыс бойынша республикалық чемпионат басталды. Оған еліміздің барлық облыстарынан 150 жуық спортшы қатысуда. Олар үш күн бойы ату, жүгіру, ұзындыққа секіру сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтамақ.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында жеңіл атлетиканы серік еткен спортшылар сап түзеді. Үш күнге созылатын жарыста қатысушылар жүгіру, ұзындыққа секіру мен еркін жүзуден сынға түспек. Алматылық өрен Дінмұхамед Марат 16-17 жастағылар арасында өтетін сынға тың дайындықпен келіпті.    60 метрге жүгіру, 500 грамм гранатаны лақтыру, пневматикалық мылтықтан ату бойынша шеберлігін көрсететін Дінмұхамед алғашқы үштікке қол жеткізеріне сенімді.

Дінмұхамед МАРАТ,  жас спортшы:

-Былтыр осы сайыста 8 орыннан көріндім. Бұл жолы жеңіске жету үшін бар күшімді сарп етемін. Алматы қаласында да полиатлон жақсы дамыған.  Қарсыластарымды дайындықта бақылап көрдім, енді жеңісті
Салауатты өмір салтын дәріптейтін бұл сайысқа 12 командадан құрылған 135 спортшы қатысуда.  Оның 70 жуығы қарағандылық спортшылар. Бір қуантарлығы, жастардан бөлек, 70 асқан қариялардың да бұл сайыста өз күштерін ортаға салуы жанкүйерлердің делебесін қоздырмай қоймады. Жарыстың бас төрешісі Анна Ширикова да республикалық президенттік көп сайыстың кіл мықтыларға толы екеніне қуанышты.

Анна ШИРОКОВА,   бас төреші:

Жарысқа қатысушылардың дайындығы өте жоғары. Қашықтыққа жүгіруден рекорд жаңартылуы да мүмкін. Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстарының спортшылары Қарағанды құрамасына мықты қарсылас болып отыр. Сайыс қорытындысы 9 қараша күні белгілі болады. 
Спортшылар сайыстың алғашқы күнінде 60 метрге жүгіру, граната лақтыру, ұзындыққа жүгіру секілді спорт түрлерінен бақ сынаса, екінші күні жүзу мен ату спорт түрлерінен тартысқа түспек. Ал, жеңіске жеткендер жеңіл атлетика бойынша Қазақстанның құрамасы қатарына енетін болады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...