ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

13:52, 11 маусым 2019

Қаламызда жастары арасында жеңіл атлетикадан чемпионат басталды. Додаға еліміздің 13 өңірінен және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан спортшылар қатысты. Жеңімпаздар арнайы диплом, медальдармен марапатталып келесі жарысқа қатысуға жолдама алады

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. Қаламызда жастары арасында жеңіл атлетикадан чемпионат басталды. Додаға еліміздің 13 өңірінен және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынанспортшылар қатысты. Жеңімпаздар арнайы диплом, медальдармен марапатталып келесі  жарысқа  қатысуға жолдама алады.

Еліміздің әр аймағынан келген 600-ге жуық спортшы жеңіл атлетиканың барлық түрінен сынға түспек. Қарсыластар арасында 15 пен 16 жас аралығындағы спорт шеберлері де бар. Жарыста қыздар құрамасы екінші орынды иеленді. Олар 10 мың метрлік көрсеткіш бойынша бақ сынасып,жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Нұрлан ТҮСІПОВ, жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы:

-Бүгінгі жарыс үш кү.нге созылады. 10-нан 12-ші маусымға дейін. Сондықтан осы бүкіл қаладан, бүкіл облыстардан жарысшылар келіп отыр. Осы жолғы ұлттық құрама командаларына және Азия чемпионатына әрі қарай іріктеу болады.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, үш қарғып секіру, балға, найза лақтыру сонымен бірге диск лақтыру бойынша командалар бәсекелесті. Мәселен, Павлодар қаласының намысын қорғап келген Диана Гейнц осы күнге дейін көптеген додарлардың тұғырынан көрініп жүрген спортшы. Оның жеңіл атлетикадан спорт шебері және Азия чемпионатының қола жүлдегері деген атағы бар.

Диана ГЕЙНЦ, жеңіл атлетикадан спорт шебері:

-Бүгін мен жеңіл атлетиканың  ядро лақтыру, биіктікке секіру түрлерінен сынға түсетін боламын. Сонымен қатар найза қадаудан да өз бағымды сынап көрмекпін. Бүгінгі жарысқа барлық жағдай жасалған, тек ауа-райының қолайсыздығы  кедергі келтіріп тұрғаны болмаса.

Ал, Әлішер Амлен болса, бүгінгі чемпионатта 100 метрлік жүгіруден бірінші орынды қанжығасына байлап отыр. Спортшының айтуынша, бұл жеңіс оңайлықпен келмегінін атап өтті. Және алда жеңіл атлетиканың 2 түрі бойынша додаға түсетінін тілге тиек етті.

ӘлішерӘМЛЕН, жеңіл атлетика чемпионатының қатысушысы:

-Жарыс барысында менің негізгі қарсыластарымның бірі жарақат алып қалғандықтан, бұл жеңіс менікі болды деп ойлаймын.

Бір минуттың ішінде берілген тапсырманы бұлжытпай орындап шығуды Умида Сәбірованың жаттықтырушысы талап қойды. Ол 400 метрлік жарыста 59,45 секундта жеңіске жетті. Бұрынғы жарыстарда алған жарақатына қарамастан жоғары көрсеткіш көрсеткен Умиданың қуанышында шек жоқ. Себебі, ол 3 ай бойы өзін қалыпқа келтіру үшін аянбай тер төкті. Нәтижесінде ол бірінші орынды иеленді.

Умида СӘБІРОВА, жеңіл атлетика чемпионатының қатысушысы:

-Мен жеңіл етлетикамен айналысқаныма 4 жыл болды. Жаттықтырушымның айтқан сөздерін екі етпей орындап,  осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмын. Жалпы командалық сайыстың қорытындысы үш күндік жарыстан кейін ғана анықталады.

Жеңіл атлетикадан келесі  чемпоионат шілде айында Алматы қаласында болады деп жоспарланып отыр. Содан соң, спортшылар  халықаралық жарыстарға қатысу үшін, үздіксіз жаттығу жасауды  қолға алмақшы. 

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар