ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – БАСТЫ МІНДЕТ

15:10, 13 наурыз 2019

Қарағанды облысы бойынша Ұлттық бюроның департамент жетекшісі Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жұмыс сапарымен болып, қала активімен кездесті.Алқалы бас қосуға Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев қатысты

Кездесуде Қарағанды облысы әкімінің 1-ші орынбасары Асылбек Дүйсебаев ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының жаңадан тағайындалған басшысын таныстырды. Бұл лауазымды қызметке Әнуар Оразбеков тағайындалды. Өз кезегінде сөз алған Денис Шәкенов жиынға қатысушылар алдында «Сарыарқа-адалдық алаңы» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Онда сала қызметінің  аймақтағы жетекшісі жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен оны жою барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Актив жиынына Жезқазған және Сәтбаев қаласының  ардагерлері мен атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері қатысты.Олар өздерін толғандырған  мәселелелерді ортаға салды 

Денис ШАКЕНОВ, Қарағанды облысы бойынша Ұлттық бюро департаментінің жетекшісі:

-Жұмысымыздың ең басты бағыты мемлекеттік қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен ерекшеленеді.Оның басында адамның қоғамға таза қызметі тұр.Осыны қатты қадағалаймыз.Сандық технологияларды еңгізу арқылы жемқорлықтан толық құтылуға мүмкіндік бар    

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар